Аяулы қыздар! Кезекті материалымызда "Раушан гүл" атты шаш үлгісінің өрілу тәсілдерін ұсынамыз.
Ол үшін бізге:
– Тарақ;
– Шашқа арналған резіңке қажет.
1. Шашты жақсылап тарап алған соң теңдей екі бөлікке бөлеміз.
2. Суреттегідей маңдай тұсынан шаш алып, бір-біріне ораймыз.
3. Әрбір оралымға шетінен шаш қосып отырамыз.
4. Бір жақ шетін орап болған соң екінші бөліктегі шашты ораймыз.
5. Екі шаштың ұшын біріктіреміз.
6. Біріктіріп түбінен буамыз.
7. Буған жерден бастап өреміз.
8. Өрімді айналдыра отырып төбеге жиямыз.
9. Шпилькілердің көмегімен түйеміз.
10. Майда шаштардың шығып кетпеуін қадағалаймыз.
11. Шашты бекіткен резіңке де көрінбеуі тиіс.
12. Шаш өрімі дайын!
13. Қырынан осындай көрініске ие.
14. Бір қарағанда күрделі болып көрінеді. Алайда көзіңіз жеткендей өте оңай.
15. Артынша өрім дайын болған соң балапан шаштарды сулап, қосымша шпилькілермен қыстырыңыз.
16. Шаш өрімі сәнді көріну үшін арасына гүл тағып қойсаңыз болады.
Автор: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Massaget.kz