Аяулы қыздар! Кезекті материалымызда "Раушан гүл" атты шаш үлгісінің өрілу тәсілдерін ұсынамыз.
Ол үшін бізге:
– Тарақ;
– Шашқа арналған резіңке қажет.
| 1. Шашты жақсылап тарап алған соң теңдей екі бөлікке бөлеміз. | ||
| 2. Суреттегідей маңдай тұсынан шаш алып, бір-біріне ораймыз. | ||
| 3. Әрбір оралымға шетінен шаш қосып отырамыз. | ||
| 4. Бір жақ шетін орап болған соң екінші бөліктегі шашты ораймыз. | ||
| 5. Екі шаштың ұшын біріктіреміз.
| ||
| 6. Біріктіріп түбінен буамыз. | ||
| | 7. Буған жерден бастап өреміз. | |
| | 8. Өрімді айналдыра отырып төбеге жиямыз. | |
| | 9. Шпилькілердің көмегімен түйеміз. | |
| | 10. Майда шаштардың шығып кетпеуін қадағалаймыз. | |
| | 11. Шашты бекіткен резіңке де көрінбеуі тиіс. | |
| | 12. Шаш өрімі дайын! | |
| | 13. Қырынан осындай көрініске ие. | |
| | 14. Бір қарағанда күрделі болып көрінеді. Алайда көзіңіз жеткендей өте оңай. | |
| | 15. Артынша өрім дайын болған соң балапан шаштарды сулап, қосымша шпилькілермен қыстырыңыз. | |
| | 16. Шаш өрімі сәнді көріну үшін арасына гүл тағып қойсаңыз болады. | |
Автор: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Massaget.kz
Қ. Бүйенбай