Аяулы қыздар! Біз бүгін "Ханшайым" атты шаш үлгісінің өрілу тәсілдерін ұсынамыз.
Ол үшін бізге:
- Тарақ;
- Шашқа арналған резіңке қажет.
1. Өрім аздап күрделі болғандықтан, шашты жақсылап тарап, жазып аламыз.
2. Бір жағында шаш көбірек болатындай етіп, шашты екіге бөлеміз.
3. Бөлген шашымызды өруге дайындаймыз.
4. Өрімді әдеттегідей ішке емес, сыртқа қарай өреміз.
5. Өрімге шетінен шаш қосып отырамыз.
6. Өрімді шаштың соңына дейін жеткізу керек.
7. Өрім жақыннан осылай көрінеді.
8. Ал шаштың соңғы бөлігінің өзін өреміз де, ұшын резіңкемен бекітеміз.
9. Енді шаштың келесі бөлігін өрімге дайындаймыз.
10. Бұл өрім де жоғарыдағыдай орындалады.
11. Өріп болған соң, екі өрімнің ұшын біріктіреміз.
12. Екі өрімнің біріккен жерін шаштың түсіне сәйкес резіңкемен буу керек.
13. Өріп болған соң суреттегідей шашты екі жаққа тартып шығарамыз.
14. Осы әдісті келесі бөлікте қайталаймыз.
Осымен "Ханшайым" шаш өрімі дайын!
Автор: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Massaget.kz