Аяулы қыздар! Біз бүгін "Ханшайым" атты шаш үлгісінің өрілу тәсілдерін ұсынамыз.
Ол үшін бізге:
- Тарақ;
- Шашқа арналған резіңке қажет.
| 1. Өрім аздап күрделі болғандықтан, шашты жақсылап тарап, жазып аламыз. | ||
| 2. Бір жағында шаш көбірек болатындай етіп, шашты екіге бөлеміз. | ||
| | 3. Бөлген шашымызды өруге дайындаймыз. | |
| | 4. Өрімді әдеттегідей ішке емес, сыртқа қарай өреміз. | |
| | 5. Өрімге шетінен шаш қосып отырамыз. | |
| | 6. Өрімді шаштың соңына дейін жеткізу керек. | |
| | 7. Өрім жақыннан осылай көрінеді. | |
| | 8. Ал шаштың соңғы бөлігінің өзін өреміз де, ұшын резіңкемен бекітеміз. | |
| | 9. Енді шаштың келесі бөлігін өрімге дайындаймыз. | |
| | 10. Бұл өрім де жоғарыдағыдай орындалады. | |
| | 11. Өріп болған соң, екі өрімнің ұшын біріктіреміз. | |
| | 12. Екі өрімнің біріккен жерін шаштың түсіне сәйкес резіңкемен буу керек. | |
| | 13. Өріп болған соң суреттегідей шашты екі жаққа тартып шығарамыз. | |
| | 14. Осы әдісті келесі бөлікте қайталаймыз. | |
| | Осымен "Ханшайым" шаш өрімі дайын! | |
Автор: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Massaget.kz
Қ. Бүйенбай