Әдемі шаш қыз балаға – табиғат-анадан берілген әшекей бұйым. Оның күтімі мен әдемілігі үшін ғасырлар бойы қаншама тәжірибелер жүргізілді. Біле білсеңіз, шашты бояу, күйдіру, түзету, бұйра салу секілді әрекеттер шаштың өсуін бәсеңдетіп, табиғи түсін көмескілендіреді. Сондықтан, мұндай әрекеттерден мейлінше аулақ болған жөн. Бүгінгі таңдағы шашты әсемдеудің маңыздысы – өру. Шаш өрімінің өзі де түрлі-түрлі әдемі көріністерді бере алады. Шаш өру – әрдайым өзекті, ешқашан ескірмейтін дәстүрлі тәсіл. Ол қашанда көз тартып тұрады.
Француз шаш өрімі. Маңдайға жақын орналасқан шаштың біраз бөлігін алып, екіге бөлу қажет. Бөліктерді сағат тілімен бұрай отырып, астыңғы бөлікті жоғары бөліктің үстіне қойып айқастыра Х тәріздес етуіміз керек. Шаштың жоғары жағында бос тұрған бөлігін алдында айқасқан екі өрімнің ортасына орналастырып, бос жібереміз. Айқасқан екі өрімді қайтадан бұрап, астыңғысын үстіне қоямыз. Осылай айқасқан өрімді жалғастыра берсек болады.
Венок өрімі – шашы қалың қыздарға арналады. Самай маңынан шашты екіге бөліп, астыңғы және үстіңгі бөліктерді орау керек. О әрпі бейнеленуі керек. Астыңғы бөлікті орағанда, жоғарыдан төмен қарай бағытталуы тиіс. Оралған екі бөлікті бірге қосамыз. Шаштың астыңғы бөлігінде қалған шашты қос өрімге айналдыра ораймыз. Қалған бөлікті алып, өруді жалғастырамыз.
Шашты бұрап өру – әуелі шашты буып аламыз. Содан кейін ғана екіге бөліп, қарама-қарсы бағытта қосып, өреміз. Өрім аяқталған соң арнайы құралдармен әсемдеп бекітеміз.