- Негізгі бет
- Сән
- Шаш күтімі: шаштараз...
Шаш күтімі: шаштараз кеңестері
Шаштаразға барар алдында сауатсыздыққа жол бермей, біраз ақпаратпен танысып алыңыз. Ал шаш күтіміне қатысты өз түсінігіңіз қалыптаспаған болса, жұмыс барысында олай істеңіз, бұлай істеңіз деп араласпай, жай ғана шеберге сенім артыңыз.
Шеберге өзіңізге ұнамайтын үлгілерді көрсетіңіз
Салонға барар алдында өз шашыңыз қандай болғанын қалайтыныңызды анықтап, соған ұқсайтын 3 фото табыңыз. Сонымен қатар қандай болғанын мүлде қаламас едіңіз, сол бейнеге ұқсайтын суретті де тауып, шаштаразға көрсетіп қойсаңыз, сізге нақты қандай қызмет керек екенін білу қиынға соқпайды.
Шаштаразға демалыс күндері бармаңыз
Әсіресе сенбі күні шаштараздың той-томалаққа қатысты тапсырысы көп болады. Сіз де көптің бірі боп қалсаңыз, ол өз жұмысына дұрыс назар аудара алмай, ұзақ уақыт бөле алмай, ойыңыздағыдай қызмет көрсетпеуі мүмкін. Егер жай ғана шаш үлгіңізді не имиджіңізді өзгерту мақсатында барар болсаңыз, аптаның басқа күнін белгілеңіз.
Шашты дұрыс жуыңыз
Дұрысы бір рет емес, екі рет жуу. Әр сусабынның сыртында қандай қасиетке ие екені жазылып тұрғанымен, ол жалған, нәтижесі байқалмайды деп ойлауыңыз мүмкін. Демек сіз бір-ақ рет жуғансыз. Шашты бірінші рет жуғанда кірі кетеді, екінші рет жуғанда сусабынның пайдалы қасиеттері шашқа сіңеді.
Басқа массаж жасаңыз
Шаштың түбін қатайтып, өсіру үшін массажды тұзбен жасасаңыз нәтижесі керемет болады. Шашты жылы сумен сулаңыз. Құрғақ орамалмен сүртіңіз. Бас терісіне теңіз тұзын жағыңыз. 10 минут шамасында басқа массаж жасап, шашты жуып тастаңыз.
Шаштаразға артық ақша төлеудің қажеті жоқ
«Зиянды» шаштардан арылу арқылы ғана шашым жақсы өседі деп қателеспеңіз. Шаштың сапасы бас терісімен қатар шаш ұшына да байланысты болуы мүмкін. Сол себепті күрделі проедураларға қарағанда, қарапайым шашты қықартудың өзі жеткілікті болуы мүмкін.