- Негізгі бет
- Сән
- Шарф байлаудың тәсілдері...
Шарф байлаудың тәсілдері
Қытай жауынгерлерінен мұра ретінде қалған шарф бізді суықтан қорғап қана қоймай, стильді, сәнді адамға айналдырады. Осынау керемет аксессуарды басында ер адамдар қолдана бастаған. Кейін әйелдер қауымының да назарына ілігіп, бүгінде әйелдердің де, ерлердің де киімінің бір бөлшегі болып табылады.
Орамал байлаудың 25 сәнді үлгісі туралы айтып өткенбіз. Бүгін шарф байлау жайындағы әңгімемізді жалғастырамыз.
Қыздарға арналған шарф байлаудың тәсілдері
1 тәсіл
Бұл өте қарапайым тәсіл. Шарфты екіге бүктеп, екі ұшын жалғаймыз да, мойындағы бір жақ ұшына суреттегідей етіп кіргіземіз.
2 тәсіл
Бұл шарф байлау тәсілін бірінші тәсілдегідей етіп байлаған соң жалғастыруға болады. Ұшын жоғарыға қарай байлап, дәл суреттен көз алмай отырып, шарфыңызды әдемі етіп байлап алыңыз.
3 тәсіл
Бұл тәсілді әсіресе жібек шарфты байлаған кезде қолдануыңызға болады. Алдыңғы тәсілдерге қарағанда шарфты бұлайша байлау шарфты мойынға емес, кеудеге байлағыңыз келгенде керек.
4 тәсіл
Шарфты бұлай байлау керісінше мойынға байлағыңыз келгенде қолданылады.
5 тәсіл
Ал қалың шарфтарды осы тәсіл арқылы байлағаныңыз жөн.
Енді ерлерге арналған шарфты сәнді байлау тәсілдерін ұсынайық.
1 тәсіл
Шарфты бұлайша байлау "Париж түйіні" деп аталады. Шарфты осылай байлағыңыз келсе, бойыңыздың ұзындығына мән беріңіз. Шарфтың ұшы кеуде тұсыңыздан аспауы тиіс.
2 тәсіл
Шарфты мойынға тақап байлап, ұшын пиджактың ішіне салыңыз. Классикалық пальто кигенде осылай етіп байлау сәнді көрінеді.
3 тәсіл
Шарфыңыз ұзын әрі қалың болғанда, осылай байлаңыз. Шарфтың ұшы қалта тұсынан асып кетпеуі керек.
4 тәсіл
Шарфты байлаудың бұл тәсілін көп кездестіре бермейсіз. Дегенмен батыл қадам жасаудан қорықпайтын ерлер қатарына жататындар осы тәсілді байқап көруден тайынбайды.
5 тәсіл
Шарфты бұлай байлау мойны ұзын жігіттерге жақсы жарасады.
Сурет: vyazanie-shapok.net, favim.ru, listofimages.com, blog.trashness.com
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Р. Роза