- Негізгі бет
- Сән
- Шаңғы мен сән...
Шаңғы мен сән
Суық күндер үйде жатуға себеп емес. Қыстың аязын пайдаланып, тауда шаңғы тебуге қалай қарайсыз? Ол жерде сәнді көріну үшін, тау шаңғы спортына арналған сымбатты киім үлгілерімен таныс болыңыздар.
Шаңғы не сноуборд тебу - күнделікті бірқалыптылықтан дем алып, шаршатқан қыстың суықтарынан рахат алуға жақсы себеп. Көңіл көтеру үшін тауға шығатын қысқы киіміңіз жарқын түсті, көңілді, көзге түсерліктей болсын.
Шалбардың қарасынан бас тартып, жарқын түстісін, мысалы, қызылын таңдаңыз. Түрлі-түсті шлем мен шаңғы таңдасаңыз, тау басындағы ең сәнқой қыз атанасыз.
Мақсатыңыз қысқы табиғи көріністерін тамашалау болса, қалың "үрілген" етік таңдап, түсті шалбар, бас киім ұмытпаңыз.
Өрнекті киім бұл маусымда ерекше сәнді екенін ескерсек, бір-бірімен үйлесетін өрнекті күртеше мен шалбар нағыз тренд болмақ.
Демалуға барғанда да, әрқашан сәнді, сымбатты болыңыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: turcorp.ru, self.com
С. А