Әйгілі мадемуазель сәнде революция жасап қана қоймай, әлі күнге дейін стильдің басты бейнелерінің бірі болып келеді. Коконың гардеробындағы сүйікті заттарды қазір де киюге болады. Ақ-қара туфли Атақты ақ-қара Chanel туфлилері 1957 жылы шығарылды, алайда Габриельдің өзі оған ұқсас туфлиді 20-жылдары киіп жүрді. 2018 жылы мұндай туфлилер классикалық немесе іскерлік киім үлгісімен керемет үйлесім табады. Сонымен қатар, оны джинс шалбарымен және футболкамен үйлестіру арқылы casual стилінде киінуге де болады. Белдіктер 1920 жылы әйелдер сәні еркіндей түсті. Мысалы, міндетті түрде корсет кию сәннен шықты. Бірақ Шанель сонда да белге екпін беруді ұнататын. Ол оны белдіктердің көмегімен жасайтын. Мысалы, костюмның немесе көйлектің сыртынан белдік тағып алу. Қолпылдақ кең жоғарғы киім Коко кең киімдерді де ұнататын. Ол қолпылдақ кең жоғарғы киіммен тік пішім жасауды жөн көретін. Қазір де оверсайз үлгідегі свитерлер көптеп кездеседі. Оларды шалбармен де, миди белдемшелермен де үйлестіру сәнді деп есептеледі. Жинақы әшекейлер Шанель үйден шығарда соңғы таққан аксессуардан құтылыңыз деп айтататын. Дизайнер кез келген киім үлгісіне жарасатын шағын және сәнді әшекейлерді таңдайтын. Жолақ жейде (тельняшка) Жолақ жейдені тікелей осы дизайнермен ұқсастырады, оның себебі гардеробтың бұл киімін Шанель таратқан. Габриель жолақты басқа түрлі принттермен үйлестіретін.