Еліміздің барлық ірілі-ұсақты қалаларының бәрінде секонд хэнд дүкендері бар. Олардың қалай пайда болғанын білу үшін осы жайтты зерттеп көрдік.
Секонд хенд (second hand) сөзі ағылшын тілінен аударылғандағы тура мағынасы «екінші қолдан шыққан» дегенді білдіреді. Шетелде пайдаланылған машина, кітап, киім сияқты дүниелер осы категорияға жатады.
Біздің еліміздегі секонд хэндтерде негізінен, киімдер ғана сатылады.
Бұл киімдер қайдан келеді?
Секонд хэндқа материал коммерциялық жолмен де, коммерциялық емес жолмен де жиналады.
Алғашқылары киімдерді сатып, өздері пайда тапса, коммерциялық емес құрылым тапқан табыстарын экономикасы нашар дамыған елдерге азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға жұмсайды.
Осы екі құрылымның қызметкерлері Батыс елдерінде үй-үйлерді аралап, кейде пошта арқылы түсіндірме хат пен қапшық жіберіп, тұрғындардың берген киімдерін жинайды.
Қажетсіз киімдерге арналған контейнерлер үлкен супермаркеттердің жандарында да тұрады.
Дүкендерде өтпей тұрып қалған тауарлар да ертелі-кеш секондқа келеді. Сондықтан мұнда киілгендермен қатар, cream, lux деп аталатын су жаңа киімдер де болады.
Секонд хэнд киімдерін киюге бола ма?
Мұндай дүкендерде күнделікті кэжуал стиліндегі киімдерден бастап, кешкі шараларға арналған мерекелік, сондай-ақ карнавалдық костюмдерді де кездестіре аласыз. Ешкімге ұқсамайтын бейне жасағыңыз келсе, секонд хэнд дүкендеріне барыңыз.
Дегенмен олардың жағымсыз исі ғана емес, киімдердің бұрынғы иелерінің сіңген энергетикасы сізді ойландыратын шығар. Мамандар мұндай киімдерді кию үшін оларды тұзды суда жуып барып, пайдалануға кеңес береді.
Жалпы байығысы келетін жан ескі нәрселерді қолданбайды.
Автор: Фариза Әбілова
Сурет: refinery29.com
Оқи отырыңыз:
Ақшаны үнемдей отырып қалай әдемі киінуге болады?
Таңдаған киіміңіз сіз туралы ақпарат бере ме?
Қыздар сәнінің маңызды элементі не?