Scandi: лейбл мен трендтен тәуелсіз стиль

Scandi: лейбл мен трендтен тәуелсіз стиль
Фото: vk.com

Соңғы кездері скандинавиялық дүниелерге деген қызығушылық күрт артты. Олардың өмір сүру салтынан бастап, киген киіміне дейін бүкіл әлем қайталайтын болып алды.

Осы қызығушылық қайнап тұрған сәтті скандинавиялық дизайнерлер дер кезінде пайдаланып үлгерді. Қазір жыл өткен сайын олардың стилі нық бекіп, нағыз "христоматиялық", яғни, француздар стилі секілді базаға айналды.

Қазір Google-ге "scandi" сөзін терсеңіз, ақ жейде мен қара шалбар киген қыздардың суреті шығатын болса да, бұл ғасырдың скандинавиялық эстетикасы минималистік базадан әлдеқайда кең ұғым екені анық.

Жаңашыл scandi style киім үлгілерін Ganni, Ann-Sofie Back, Toteme, Jensen мен Soulland сынды брендтер ұсынып келеді. Бұлар үйлеспейтінді жарастыра салатын "құдіретімен" ерекшеленеді.  Дизайнерлер контрастті дүниелерге әуес.

Инстаграм әлеуметтік желісінде скандинавиялық стритстайл үлгісіндегі киімдерТин Андреа, Пернилл Тайсбек, Селин Аагард сынды сәнқойлардың парақшаларынан түспейді.

А. Оралқызы