Күзде бұлтты күндер көп болатындықтан, жарқын түсті пальто таңдауға болады. Осылайша өзіңіздің де, өзгенің де көңіл-күйін көтересіз. Ал оны немен үйлестіріп киюге болатындығын кезекті материалымызда бірге талдайық.
Сәнқой қыздардың қатарын толықтырғыңыз келсе, күн түстес сары түстің кез келген реңкін таңдап, күзден ерекше ләззат алыңыз. Сары түс бірден көзге түседі. Сол себепті оған сай киімдер мен аксессуарлар таңдаған кезде абай болған жөн. Мысалы, қызыл түс тым артықтау болса, көк түсті аксессуарлар образды толықтыра алмайды. Дұрысы – оны сұр, жасыл, қоңыр түсті киімдермен үйлестіру. Мұнымен қатар, сары түстің ақ және қарамен жақсы үйлесетінін ескеріңіз.
Бірыңғай сары түсті киім киюді маветонмен шатастырмаңыз. Ұлыбритания ханшайымы Елизавета II есіңізге алыңызшы. Ол мерекелік іс-шараларға ылғи сары түсті киім киіп келеді. Әдетте образын әдемі қалпағы толықтырады.
Аспанда қара бұлт қаптаған кезде, ашық теңіз бен оның салқын ауасын сағынамыз. Сәнгерлер бұл сағынышты басудың амалын біледі. Олардың ойынша, мұндайда теңіз стиліндегі киім киюдің өзі жеткілікті.
Соңғы кезде теңіз силіндегі киімдер сәнге айналып, көпшіліктің арасында кеңінен таралуда. Оның мұншалық танымал болуының себебі неде? Шындығында құпиясы қарапайым: классикалық түстер кез келген тері мен шаш түсімен үйлеседі. Ең бастысы, оларды киген кезде белгілі бір стильдің сақталуына мән беру қажет.
Гардеробымыздағы барлық киіммен үйлесетін бір киім бар. Ол – қара шалбар. Шалбар кез келгенімізде бар шығар. Әсіресе мектеп оқушысында. Мұндай қарапайым маст-хав барлық жағдайда ыңғайлы. Мұнымен қатар, оған сай келетін туфли таңдау да оңай әрі кез келген түспен үйлесе кетеді.
Ал сіз сары түсті пальтоны қандай киімдермен үйлестіресіз?