Массагет ұжымы әр сәрсенбі жарияланатын "Сәрсенбідегі сән" жобасының алғашқы жеңімпазы Маржанды марапаттады. Жоба түрлі образды ел назарына ұсыну арқылы оқырмандардың талғамын арттыру мақсатында басталған болатын. Жобаның алғашқы кезеңінде қыздарға арналған 4 образ ұсынып, жеңімпазды анықтауды оқырман құзырына қалдырған едік. Нәтижесінде Массагет оқырмандары Маржан ұсынған "Street style" образын үздік деп таныды.
"Сәрсенбідегі сән" жобасына берілген дауыстар
Дауыс беру қорытындысы
Естеріңізге салайық, "Сәрсенбідегі сән" жобасының жігіттерге арналған кезеңі бүгін басталды. Образды мына жерден көре аласыздар.
Автор: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: ©Ернар Алмабек