Массагет порталында әр сәрсенбі шығатын жаңа жоба басталды. Бұл жобада сәнқой қыз-жігіттер талғампаз оқырмандарға өзінің ең үздік образын көрсетеді.
Әр төрт образдан кейін дауыс беру ұйымдастырылады. Үздіктердің ішіндегі үздік образды таңдайтын - сіздер, құрметті оқырман!
"Сәрсенбідегі сәннің" шымылдығын ашатын – нәзік, тарихи детальдары бар заманауи образ. Образдың иесі Құралай – ғылыми қызметкер.
"Өзім жарасымды киімді құп көремін. Жараспайтын түстегі үйлесімсіз киімді киіп алғаннан гөрі, өз жан-дүниеңізге құлақ түріңіз дегім келеді. Адамды ашатын – өзіне құйып қойғандай жарасатын киім," – деп санайды Құралай.
Аксессуарлары:
Браслет – кореялық
"К-pop" дүкенінен
Саусақ аксессуары (сыйлық)Сырға –
Lady Collection
Көзілдірік – Кира Пластинина, аяқ киім – Rio, далап – Pupa, сүрме – Loreal, подводка – Pupa, сөмке – Гонконгтан келген сыйлық, көйлек - Zara
"Этникалық үлгіге жақын тігілген киімдер заманға сай киінуге кедергі емес. Керісінше, сізді көптің арасынан ерекшелеп тұрады. Көп адамның таңдауы түсе бермейтін аксессуар, киімдер таңдаудан қашпаңыз! Өйткені сіздің әр образыңыз қайталанбас образ болуы керек!".
Құралайдың таңдауы түскен киімдер өзінің нәзік мүсінін ашып, 2014 жылдың күзіндегі ең сәнді түстер қатарына жатқызылған түстегі сөмкесі оның сәннен хабары барын білдіріп тұр. Сондай-ақ аяқ киіміндегідей күрең қызыл түс те 2014 жылдың күзіндегі ең сәнді түстердің қатарында.
"Бұл – сонымен қатар әмбебап образ. Жұмысқа, сабаққа, кешкі отырыстарға, қыдырысқа, көшеге киіп шыға беруге болады. Әсіресе, дәл қазіргі жаздың табы кетпей, күз жаңадан түсіп жатқан әрі салқын, әрі жылы кез үшін таптырмас образ дер едім", – дейді Құралай.
Автор: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: ©Мейіргүл Оңғарова