Әлемдік сәнде де классика деген ұғымның бары рас. Басқа киімдер мен сәнді заттар уақыт өте елеусіз қалып жатса да, кей дүниелер ғұмырлы болады. Заман өткен сайын адамдар ондай заттардан бас тартудың орнына жыл өткен сайын оларды сәннен алыстатпайды. Ендеше, бүгінгі әңгімеге сәннен қалмайтын киім-кешектер арқау болмақ.
Берет бас киімі
Бұл сәнді бас киімді ұнатпайтын ханымдар аз шығар. Әр жастағы әйел затының көркін ашатын береттер сәннен қалар емес. Бірі оны сәл қисайтып, енді бірі сәл басып киеді. Бұрындары беретті американ әскерлері ғана киген болатын. Ал қазір ол әлемдік сәннің ажырамас бөлшегіне айналып үлгерді.
Қысқа қара көйлек
Мұндай сәнді көйлектің жарыққа шықанны туралы мәліметті анық беру қиын. Ғұмыры ұзақ қысқа қара көйлекті қазір де киіп жүрген арулар аз емес. Мұндай көйлектен жалыққанын айтып, енді кимейтінін мәлімдеген жанды да таппайсыз. Бұл көйлекті тіпті ер адамдар да ұнатады. Олардың сөзінше, қысқа қара көйлек киген арулар сүйкімді көрінеді.
Былғарыдан жасалған күртеше
Қазір былғарыдан жасалған күртешелер байкерлердің киімі ғана емес. Бүгіндері мұндай киім түрін тек жігіттер ғана емес, қыздар да үстерінен тастамайтын болған. Кешеден бүгінге дейін сәнін жоғалтпаған күртешелер әлі де талай уақытқа қызмет ететін секілді.
Ақшыл сары түсті туфли
Өмірге келгеніне аз болмаған мұндай аяқ киім қазір де нәзік жандылардың аяғын тік әрі әдемі етіп көрсетеді.
Үлкен свитер
Мұндай үлкен свитерлердің көбіне тоқылған түрі сәнді көрінеді. Әдейі үлкен өлшемде тоқылған свитерлерді киюден бас тартатын жандар некен-саяқ. Демек мұның да сәннен шықпағаны.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: lady.mail.ru, mail.ru