Сәннен шыққан аяқ киімдер

Сәннен шыққан аяқ киімдер
Фото: pinterest.com

Сән әлемінде өзгерістер жылдам болады. Кей киім түрлері сәннен шығып, орнын басқасы басып жатады. Кейде бұрын сәнде болған киімдер дәл сол күйінде немесе сәл өзгеріспен қайта трендке айналады. Алайда дизайнерлер мен стилистер тренд қумай, әр қызды өз стилін қалыптастыруға шақырады. Содан кейін ғана трендтегі киімді өз стиліне қарай бейімдеп киюге болады. Егер сән әлеміндегі өзгерістерді бақылап жүрген болсаңыз, сәннен шыққан аяқ киім түрлерін білген артық етпейді.

Криперлер

Панк стиліндегі бұл аяқ киім бірден көпшіліктің көңілінен шықты, тіпті, оны мұндай стильді жақсы көрмейтін қыздарға дейін алып көрді. Бірақ криперге деген сән өтіп кетті. Егер соңғы трендтер бойынша киінгенді ұнатсаңыз, крипер аяқ киімін әзірге шкафтың түбіне сала тұрыңыз.

Мамығы бар аяқ киім

Мамығы бар аяқ киімдер соңғы бірнеше жыл қатарынан танымал болды. Оны сәнқойлардың көбі киіп көрді. Алайда бізде мұндай аяқ киімдерге ауа райы аса келе бермейтіндіктен, көп кездестірмеген болуыңыз да мүмкін. Қазір ол трендті киімдер тізімінен шығып қалды және алдағы бірнеше жылда оралмауы мүмкін.

Түссіз тақа

Пластиктен немесе полиуретаннан жасалған, сондай-ақ алтынға ұқсастырылған және жылтырлар жабыстырылған тақасы бар аяқ киімдер сәннен шықты. Түссіз тақа уақытша тенденцияда болмайды.

А. Жапатова