Сәннен ешқашан шықпайтын сөмкелер туралы

Қазіргі таңда сөмке сияқты сүйкімді аксессуар тек қана косметикалық заттарды салып жүру үшін қолданылмайды. Оның жұмысы жауапкершілікті талап ететін болған. Әр қыздың гардеробында кем дегенде 3 сөмке болады. Олар түрі мен көлемі жағынан әр түрлі болып келеді және жұмыс, серуен, саяхат сияқты жағдайларға арналады. Ең танымал сөмкелер қандай екен?

Екі ұстағышы бар, беті ашық, сыйымдылығы жақсы және көлемді сөмке. Бұл сөмке көп қыздарға ұнайды, себебі, өмірдегі әр түрлі сәттерде ұстауға ыңғайлы. Ол дүкенге бару, іскерлік кездесу, саяхат сияқты жағдайлар. 

Әмиянды еске түсіретін кішкентай сөмке. Бұл сөмкеге ең қажет деген косметикалық заттар ғана сыяды және іскерлік іс-шараларға ұстауға ыңғайлы. Кешкілік киіммен керемет үйлеседі.

Сыйымдылығы жақсы, екі қысқа және бір ұзын ұстағышы бар сөмке. Бұл сөмке кеңседе жұмыс жасайтын әйелдерге де, студент қыздарға да ұстауға ыңғайлы. Құжат салынған папканы бүлдіріп алмайтындай етіп осы сөмкемен алып жүруге болады.

 

Бұл сөмкені жол жүруге ұстаған ыңғайлы. Үлкен көлем және көптеген бөлімдер барлық қажет заттарды реттеп салуға мүмкіндік береді. Мұндай сөмкелердің дөңгелек, ұзын ұстағыш және арбаша сияқты қосымша аксессуарлары болады. 

Жарты айға ұқсас, бір ғана ұстағышы бар үлкен сөмке. Мұндай сөмкені кеңседе жұмыс жасайтын әйелдер ұстайды, бірақ әрқашан емес. Сөмкеге салуға келмейтін қолайсыз заттар жоқ сәттерде ұстаған ыңғайлы.

Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова

Сурет: homeholidays.ru, colady.ru