- Негізгі бет
- Сән
- Сәнге қайта оралған...
Сәнге қайта оралған 90-шы жылдардың үздік трендтері
Өткен ғасырдың кейбір киімдері қазір күлкілі көрінгенімен, кейбірі әлі күнге дейін киіледі. Бүгінде бұл киімдер кез келген қыздың гардеробынан табылуы тиіс бұйымға айналды. Біз сіздерге стиліңізді толықтыруға жарайтын 90-жылдардың ең сәнді киімдерін ұсынамыз.
Қысқа топ
Ашық мықынын ұялмай көрсететін қыздар 90-жылдары сирек емес-тін. Егер сіз мықыныңыздың ашық болғанын қаламайтын болсаңыз, онда мұндай топтарды жағажайға кисеңіз болады. Сізге тіпті жаңа киім алудың да қажеті жоқ, сүйікті футболкаңызды немесе жейдеңізді белден жоғары байлап алсаңыз, демде заманауи, сәнқой қызға айналасыз.
Белі жоғары орналасқан джинсылар
Бір кездері мұндай үлгідегі джинсылар заманға сай еместей көрінетін. Алайда, бұл тренд өз мәртебесін лайықты түрде қайтарып алды. Джинсының қынама үлгілерін қалайсыз ба, әлде белі жоғары орналасқан кең джинсыны қалайсыз ба, қайсысы болса да гардеробыңыздан табылуы тиіс. Күздің салқын күндеріне бұл киім таптырмас бұйым болары анық.
Қайнатылған джинсы
Джинсыны үйде қайнатудың қажеті жоқ. Бүгінде мұндай өрнекті джинсылар дүкен сөрелерін жаулап алды. Олар бәсеңдетілген гранж стиліне жақсы жарасады, сонымен қатар нәзік блузкалармен де киюге оңтайлы.
90-жылдардың ең есте қаларлық тренді бірқатар өзгерістермен қайта сәнге оралды. Егер бұрын денеде бос тұратын комбинезондар сәнде болса, енді олардың желісі біршама кеңейді. Күнделікті өмірге деним жараса, кешкі қыдырыстарға жібек немесе мақта матадан тігілген комбинезондар жақсы. Ерекше жағдайлар үшін смокинг типтес комбинезондар да бар.
Тор жейделер ешқашан сәннен шықпасы анық, бүгінде олар кең танымалдылыққа ие болды. Тор жейделерді жақсы көретін болсаңыз, міндетті түрде жылы фланель матадан емес, мақта мата, тіпті жібектен тігілген нұсқаларын да алсаңыз болады.
Платформалы аяқ киім
Бұл аяқ киімді Spice Girls сәнге енгізген болатын. Олар 90-жылдардың нағыз хиті еді. Бұл аяқ киімдер де біртіндеп сәнге енді, сол жылдардағыдай табандары тым биік болмаса да, заманауи босоножкалар мен кроссовкалардың үлгілері 90-жылдарды еске салады.
Джинсы шалбар мен джинсы көйлек әрдайым киілері анық, бірақ қазіргі нұсқалары сонау 90-шы жылдардың классикалық түріне ұқсас болып келеді. Егер сіз осындай бейне жасамақ болсаңыз, әртүрлі реңктегі киімдерді таңдаңыз. Бұрынғы кезде өзекті болған бір түсті нұсқалар қазірде сәнді көрінбейді.
Чокерлер
Чокерлер — мойынды толықтай орап тұратын алқалар – ешқашан сәннен біржолата шыққан емес. Алайда тым нығыздалған нұсқалары сәнде емес. Оданша мойын тұсы сәл бос тұратын алқаларға назар аударыңыз.
Шомбал бәтеңкелер
Басы домалақ шомбал бәтеңкелер сәнге қайта келуде. Ең бастысы мұндай бәтеңкелерді гүлді легинсылармен кие көрмеңіз, әйтпесе оғаш көрінетін боласыз.
Дайындаған: Анар Мұстафина
Сурет: kleo.ru
A. Mustafina