Жақсы сақталған ескі киімдеріңізді лақтырып тастауға қолыңыз бармай, бірақ одан жалығып кететін кездеріңіз бола ма? Кей қыздар мұндай тығырықтан шығудың оңай жолын тез табады. Олар қолдарына ине-жіп, сым, желім, т.б. құралдар алып, ерекше туынды жасап шығарады. Бұл қолыңыздан келмейді деп ойлайсыз ба? Жақсы нұсқаулық болса болды, өте жеңіл!
Бүгін біз күнделікті қарапайым туфлиді өте сәнді аяқ киімге айналдырудың жолын көрсетеміз. Айтпақшы, егер сіздің туфлиіңіздің терісі я күдерісі ескіріп, не қажалып қалса да, бұл нұсқа оның кемшіліктерін жасыруға көмектеседі.
Қажетті материалдар:
Тақалы туфли
Ірі және орташа жылтыр тас (10-15мм) – 40 дана
Дөңгелек кішкентай жылтыр тас (3-6мм) - 30-40 дана
Әмбебап желім
Кішкентай қысқыш
Кішкентай ыдыс
Тіс тазалағыш
Атауыз
Жасалуы:
Жылтыр тастың бекітпесі болса, оны атауызбен алып тастаңыз.
Ыдысқа кішкене желім құйыңыз. Тасты теріс жағымен желімге батырыңыз.
Әшекейді тақаның жоғарғы жағына ортасынан жапсырыңыз. Қасына кішірек тастарды бекітіңіз, ал арасына - кішкентай дөңгелек тастар.
Екінші тақаны симметриялы етіп, жапсырыңыз.
Шығармашылығыңыз сәтті болсын!
Сурет: honestlywtf.com