Өткен ғасырда ғана тор жейде жұмысшылар униформасы саналатын. Алайда соңғы жылдары торлы жейде қарапайым күнделікті гардероб бұйымына айналып, сәнді саналатын болды.
Расымен, тор – қазір киімде кездесетін ең стильді суреттердің бірі. Торлы принт сөмке, белдемше, шалбар, пальто, жейде сынды гардеробтың кез келген бұйымына жарасады.
Осы маусымда да дизайнерлер торлы жейделерді бір ауыздан сәнді деп қабылдады. Қазір дүкендер сөрелерінен жарқын түсті, түрлі матадан тігілген, жұп-жұқа мөлдір не қалың қыстық түрлерін таба аласыз. Оларды белдемшелермен, джинсы не бір түсті шалбармен үйлестіруге болады. Осы қыста торлы принт тым көп бола алмайды.
American Retro жейдесі Burberry Brit жейдесі Zara жейдесі
Replay жейдесі Polo Jeans жейдесі Mango жейдесі
Үлкен торлы жейде фигураңыздың кемшіліктерін жасырады, ал торы майда жейде арық қыздарға өте жарасады. Бір бейнеде тордың бірнеше түрін үйлестіру қиын, сондықтан торлы жейдемен бір түсті белдемше не шалбар киіңіз. Шалбар не белдемшенің түсі торлы жейдедегі түстердің біріне сай болса, бейнеңіз мінсіз болады. Әубаста торлы жейде ерлердің киімі болғандықтан, мұндай жейде casual стиліндегі киіммен жақсырақ жарасады. Торлы жейдені тар джинсы не леггинс шалбарының ішіне салып киген әдемі көрінеді. Джинсымен киген қарапайым тор жейде мен былғары етік – "ковбой" стилінің басты элементтері. Ұзын торлы жейделер (ұзындығы көйлек, туника сияқты) өте ыңғайлы болады. Мұндай жейде сыртынан белдік таққан дұрыс. Торлы жейдені белдемшемен үйлестіріп, кеңселік стильде киінуге болады.
Ал сіз торлы жейде киесіз бе?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: yoox.com