Бұл атақты сәнқой бойжеткендер тарихта едәуір із қалдыруымен қатар сән тарихына да енді. Олардың атағына әлемге белгілі сән үйлерінің сөмке үлгісі берілген.
Джейн Биркин — Hermès сән үйінен Birkin сөмкесі
Кез келген сәнқой бойжеткеннің гардеробынан табылатын Hermès Birkin сөмкесі актриса және әнші Джейн Биркиннің атына берілген. Бұл сөмкеге деген сұраныс түсер емес, керісінше одан ары өсуде. Аңыз бойынша бұл сөмкені кездейсоқ ойлап тапқан. Биркин бір сапарында Hermès сән үйінің директорымен кездесіп, әйелдер сөмкесінің көпшілігі ыңғайсыз болып келетіндігін айтып, шағымданған. Үш жыл өткен соң Джейн алғашқы Birkin сөмкесі салынған сәлемдемені алған. Содан соң бұл сөмке жылдам сәнді хитке айналды.
Жаклин Кеннеди – Gucci сән үйінен Jackie O сөмкесі
Бұл сөмке бастапқы кезде XX ғасырдың стиль иконының бірі Жаклин Кеннедидің атында болған жоқ. Алайда Жаклиннің арқасында осы сөмке атақты болып кеткен соң Gucci сән үйі оның атағына беру туралы шешім қабылдаған.
Моника Белуччи – Dolce & Gabbana сән үйінен Monica сөмкесі
Доменико Дольче мен Стефано Габбананың құрбылары Моникаға деген махаббатында шектеу жоқ. 2013 жылы қос дизайнер жаңа сөмке брендін Moniсa деп атады.
Лана Дель Рей – Mulberry сән үйінен Del Rey сөмкесі
Mulberry сән үйінің креативті директоры Эмма Хилл үш жыл бұрын Лана Дель Рейдің атын алған жинақы әрі нәзік сөмке шығарды.
Брижит Бардо – Lancel сән үйінен BB сөмкесі
Lancel сән үйінің танымал сөмкелерінің бірі – Брижит Бардоға арналған ВВ сөмкесі. Бардо жануарлар қорғаушысы болып табылатындықтан, оны сыйлайтын сән үйі бұл сөмкені сатылымға ешқашан теріден жасап шығарған жоқ.
Амаль Клуни – Ballin сән үйінен Amal сөмкесі
Амаль Джордж Клунидің әйелі, ол өзінің ерекше стилімен танымал болды. Итальялық бренд Ballin сән үйі сөмкелерінің бірін Амальдің атына жазды.
Грейс Келли – Hermès сән үйінен Kelly сөмкесі
Монако ханшайымы және кино жұлдызы Грейс Келлиге Hermès сән үйі сөмкесінің бірін атады. Бұл сөмке Грейс дүниеге келгенге дейін (1837 жылы) шығып қойған болатын. Грейс барлық жерде осы ыңғайлы сөмкемен көрініп жүрді. Сөмкеге Kelly атауы 1956 жылы берілді.
Софи Лорен – Salvatore Ferragamo сән үйінен Sophia сөмкесі
Salvatore Ferragamo сән үйі Sophia сөмкесін шығару арқылы Софи Лоренге махаббатын білдірді. Бұл сәнді сөмке қазіргі уақытта да бойжеткендер арасында өте танымал.