Далада қыстың соңғы аяздары болса да, жүрегімізде баяғыда-ақ көктем таңы атып үлгерді. Осы ойнақы көңіл-күйді киіміңізде көрсетсеңіз болады. Әрине, жұқа көйлек пен ашық киімдер киюге ауа-райы мұрша бермесе де, әр киім үлгісінде жылулық пен көктемнің демін көрсетсеңіз болады.
Мойындайықшы, көбінесе біз бір жаңа киім алып, соны сабаққа да, жұмысқа да, қонаққа да киіп тоздырамыз. Алайда, киім сөрелеріңізде талай жақсы киім үлгілері баршылық болар. Соларды орынды қолданып, сондай-ақ келесіде шоппинг істегенде біздің мына кеңестерімізге құлақ ассаңыз, сәнді ару атанарыңызға еш күмән жоқ!
Сауық кешіне барсаңыз
Сауық кештерінде адамдар өзін көрсетіп, басқаларға қарайды. Одан қалса, билеп қайтады. Сәнді жейде мен белдемше - ең дұрыс шешім. Жылтырақ аксессуарлар мен биік өкшедегі аяқ-киім мерекелік көңіл-күй берсе, кішкентай қол сөмкесі билегенде бөгет болмайды.
Мейрамханаға барсаңыз
Мейрамханадағы кездесулер жиі болып тұрады. Сондықтан, келесіде мейрамханаға барғанда үйреншікті сүйкімді көйлек пен жіберілген шаш орнына шалбар костюмін киіп, шашыңызды артқа түйіңіз. Жылтыр майка бейнеңізді салтанатты етіп көрсетеді. Таңдандыра біліңіз!
Шоппингке барсаңыз
Қыздармен кездесіп, дүкендерді аралағанға не жетсін? Қазіргі суықта тоңбау үшін манто кигеніңіз дұрыс болады. Сондай-ақ, сәнді көріну үшін қалпақ киіп, ботфорт етіктерін таңдаңыз. Ғалымдар дәлелдегендей жігіттер сәнді киімді бағалай алмайды, сондықтан, осындай киім үлгісін құрбыларыңызбен бірге қыдырғанда киген дұрыс.
Сүйіктіңізбен серуенге барсаңыз
Ауа-райы минустан шығар емес. Сүйіктіңізбен серуенге барғанда тоңып қалмаңыз. Ғашығыңыз бұған жол бермеуге тырысары анық, сонда да қалың әрі сәнді киінгеніңіз дұрыс. Көпқабатты киім осы жағдайға мінсіз келеді. Платформадағы етік сізді ұзақ жолдан шаршата қоймас.
Сізге осы киімнің қайсысы жарасар еді? Форумда талқылайық.
Суреттер woman.ru сайтынан алынды.