Сән әлемінде нағыз дүрлігіс: жаппай сатып алудың орнына нормкор (ағылшын сөздерінен: normal – «қалыпты» және core – «негіз») стилі келіп жатыр. Бұл сәнге аса әуес емес және ерекшеленуді қаламайтын адамдарға тән. Сәнқойлар лейбл киімдерден бас тартып, құнтты және ыңғайлы киімдерге ден қоюда. Біз бұл құбылысқа жеке тоқталып, тиімді сауда-саттық жасаудың қыр-сырын жазуды жөн көрдік.
Сән әлемі қалай құрылған?
Нормкор стилін қолдайтындардың көбі қарапайым затқа адам айтқысыз көп ақша құртудан жалыққандар. Шынымен, 100% мақта матадан тігілген футболка – бұл жай ғана футболка және оның қай фирмадан екені маңызды емес. Санамыз футболка ең көп дегенде 2500 теңге тұратынын қабылдаса да, алайда неге біз атағы дардай брендтер ұсынған 75 000 теңгелік футболка үшін ақылға сыймайтын құн төлеуге дайынбыз?
Valentino 84 500 теңгеден жоғары, Uniqlo 1 500 теңгеден жоғары
Marni 39 000 теңгеден жоғары, Zara 3 500 теңгеден жоғары
Заттың өзіндік құнына тағы бренд құны қосылатын трендті сән әлемінің мамандары бұрыннан талқылап келеді. Және сан ұлғайған сайын брендтің абыройы да жоғары дегенді білдіреді. Алайда 100% мақта матадан тігілген екі футболка бір фабрикада тігілуі мүмкін, айырмашылық тек лейблында.
Givenchy 362 000 теңгеден жоғары, Mango 3 500 теңгеден жоғары
Дегенмен, көптеген люкс класының тұтынушылары бұған дайын емес екен. Сондықтан, мысалы, итальяндық бренд киімдерінің бір бөлігі Румыния немесе Тунисте шығарылатын болса, екінші бөлігі – Италияда өндіріледі. Бірақ «made in Italy» бұйымдарының бағасы бірнеше есеге қымбат болады. Итальяндық үлгіні таңдайтындар «made in Italy» мәдениетін таңдайды және құнының неден тұратынын, бұйымда қандай генетикалық код бар екенін жақсы біледі.
Сән әлемінде кокунинг деген ұғым бар – бұл жоғары құнды сегменттерге жатпайтын қарапайым бұйымдарды люкске айналдыру. Бұл құбылысты ең алғашқылардың бірі болып Dolce&Gabbana мен Armani таратты. Дәл олар қарапайым джинсыларды дизайнерлік өнер туындысына айналдырып, бағасын «люкс» деңгейіне дейін көтерді. Осылайша жұмысшы таптың джинсылары сәнге айналып, стиль мен үрдістің көрінісіне айналды. Атақты брендтердің джинсыларын сатып алу мәртебе болып есептелді.
Dolce&Gabbana 104 000 теңгеден жоғары, Levi's 23 000 теңгеден жоғары
Бұл маусымда атақты брендтер қарапайым кедыларды дизайнерлік шабыттың нысанына айналдырды. Және егер бұған дейін белгісіз брендтің кедысын жақын маңдағы аяқ киім салонынан тиімді бағаға сатып ала алсақ, атақты брендтер сәнді кедылармен қызықтырып, маусымның басты бұйымына айналдырып отыр.
Lanvin 85 500 теңгеден жоғары, Payless 4000 теңгеден жоғары
Saint Laurent 67 500 теңгеден жоғары, Converse 14 000 теңгеден жоғары
Ал намкор қолдаушыларына бастысы қолжетімді баға, ыңғайлылық, жайлылық және безендірілуіндегі еш құнды заттардың болмауы маңызды.
Бұл трендтен қалыспау үшін сәнденуден шаршаған және кашемир пальтоны джинсы немесе кроссовкамен киюге болатын, болмайтынына ойланғысы келмейтін адамдарға жаңа үрдіс. Олар үшін бәрі мүмкін! Қоғам саналы тұтынуға жол ашып, сән әлемінің нені немен кию керек екенін нұсқайтын ережелері мен ауадан жасалған бағаларына «жоқ» деуге шақырады.
Сурет: passion.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина