Сән. Сапалы LV сөмкесін көшірмеден қалай ажыратуға болады?

Сән. Сапалы LV сөмкесін көшірмеден қалай ажыратуға болады?

Сән әлемінде ешкімге дес бермей алда келе жатқан фирмалардың бірі -  Louis Vuitton фирмасының сөмкесін алайық. Бүгінде бұл әйгілі фирманың сөмкесін өте шебер түрде көшіріп жасайтындар көп. Көшірме түпнұсқадан айнымаса, ақшамды босқа шығындаудың қажеті қанша дерсіз. Дегенмен, бірден сапалысын сатып алсаңыз, оны өмір бойы ұстауға болады. Ал көшірме өзіңіз білетіндей тез жыртылып қалады, сосын тағы да сөмке сатып алуыңыз керек болады. Сондықтан, ақшаңызды жинап, бірден сапалы сөмкені сатып алғаныңыз жөн!

Ал түпнұсқа мен көшірмені қалай ажыратуға болады?

1) Louis Vuitton фирмасының сөмкесін алғыңыз келсе, бірден фирма дүкеніне барғаныңыз дұрысСөмкені күдік тудыратын дүкендерден, интернет дүкендерінен, жер асты өткелдерінен сатып алмаңыз. Сапалы LV сөмкесі табиғи материалдан: қой мен қолтырауынның терісінен тігіледі, матасы қолға ұстағанда жұмсақ әрі тегіс келеді, ұсақ-түйек жапсырмалары қозғалып тұрмайды, берік жапсырылады. Тігістері де теп-тегіс болады. Сапалы сөмкенің кем-кетігі болмайды. 



2) LV-нің барлық сөмкелерінде 2 код болады (ішкі код және өнім коды). Код екі әріп, төрт саннан құралады.  Егер осы код болмаса, сөмке көшірме деген сөз.


3) Сатушыдан сөмкенің сапасы туралы сертификат талап етіңіз. Сапалы сөмкенің аксессуарлары да бірге беріледі: dust bag (қапшық), қорап, сериялық нөмірі бар карточка т.б. Ілгегі тек қана темірден жасалады, ал ілгегі пластик болса, сөмке көшірме. Құлағы да ұстаған кезде толық болуы керек, құлағы жұқа болса, LV сөмкесі көшірме. 

4) Сөмкенің мәліметі бар тақтайша сыртына жапсырылған сөмкелер таза көшірме. Сапалы сөмкенің мәлімет тақтайшасы не ішінде, не сөмкенің қалтасында болады. Сапалы сөмкеде суреттер міндетті түрде симметриялы орналасады. 

Негізгі ерекшеліктері осылар. Сөмке көзге көрінетін зат болғандықтан, сөмке таңдауға талғаммен қарайық!

Сурет: fashiony.ru

Осы тақырыпты форумда талқылайық

М. Оңғарова