Сән өндірісінің ғасырлық тарихы бір кітапта

Сән өндірісінің ғасырлық тарихы бір кітапта
Фото: vk.com

Биыл француз сән әлемінің көрнекті өкілі - Christian Dior сарайының құрылғанына 70 жыл толып отыр. Айтулы мерекені бренд үлкен көлемде атап өтуде. Жыл басынан бері Париж нағыз сән мерекесінің ортасында күн кешіп келеді. Мысалы, ақпанда Dior Heritage аталатын көлемді мұрағат ашылса, сәуірде кутурье дүниеге келген Гранвиль жерінде The Roots of Legend  көрмесі жұмысын бастады. Осы шілді айының басында Christian Dior, Couturier de Rêva ("Кристиан Диор: арман кутюрье ") аталатын ретроспектива брендтің креативті директорлары жасаған 300-ден астам жұмысты көрермен назарына ұсынды.

 

Осындай шаралар қоса, сән өндірісінің ғасырлық тарихын қамтитын Dior Catwalk: The Complete Collections кітабы шығарылды. Онда 70-жылдан астам уақытта көрсетілген 180 топтама жинақталған. Аталған кітап 1947 мен 2017 жылдар аралығында көрсетілген әрбір кутюрьелік шоуды талдайды. Сондай-ақ, басылымнан сән үйінің тұтас тарихы және барлық дизайнерлері туралы толыққанды ақпарат алуға болады.

А. Оралқызы