- Негізгі бет
- Сән
- Сән өндірісіндегі ең...
Сән өндірісіндегі ең бай адамдар рейтингі шықты
Фото:
vk.com
Fashion United басылымы сән өндірісіндегі ең бай адамдар рейтингін жасады. Тізім жасау барысында тек 2017 жылғы нәтижелер ғана ескерілген. Бірінші орынды студенттер арасында зор сұранысқа ие Zara компаниясының иесі Амансио Ортега иеленді. Оның қоры 71,3 млрд АҚШ долларын құрайды. Ортега Forbes тізімінде Жер шарындағы ең бай адамдар тізімінде де бірінші орында тұр.
Екінші орында LVMH президенті Бернар Арно ($ 41,5 млрд), үшінші орында С&A ($ 30 млрд) дүкендер желісінің иелері Бренникмейер әулеті болса, төртінші сатыда Hermès ($ 28,6 млрд) сән үйінің иесі Бертран Пуэш орналасты. Ең бай бестіктегі соңғы сатыны Nike спорттық киімдер желісінің басшысы Фил Найт ($ 26,2 млрд) иеленіп отыр.
А. Оралқызы