Eurostat статистикалық компаниясы Еуропалық Одақ пен Ұлыбритания тұрғындарының кірістері мен шығыстарын сараптады. Алынған ақпараттарға сәйкес, британдар француздар, немістер, испандар және гректер сынды өзге еуропалықтарға қарағанда киімге көбірек ақша жұмсайды екен. Ресми баяндамада Еуропалық Одақтың тұрғындары киім мен аяқ киімге жылдық кірісінің орташа 4,9%-ын жұмсайды. Эстония киім сатып алушылар тізіміндегі көшбасшылар қатарында тұр. Олар жыл сайынғы табыстың 6,8%-ын жұмсаса, екінші орындағы португалиялықтар 6,3%, ал үштіктің соңғы сатысындағы италиялықтар кірістің 6,2%-ын киімге шығындайды. Бірақ гректер мен француздар бұлармен салыстырғанда әлдеқайда үнемді болып шықты. Олардың тарифтері жылына 3,8%-дан аспайды. 2018 жылғы қаңтарда ұсынылған деректер 2016 жылғы деректерге негізделіп жасалған. Еуропалықтар бір жыл ішінде киім жаңартуға жалпы саны 400 миллиард евро жұмсаған. Mintel компаниясы мен Британиялық сән Кеңесінің соңғы мәліметтері бойынша, британиялықтар киімге бұрынғыдан гөрі көбірек жұмсай бастаған. 2016 жылы нарық 2,8%-ға өсті және Британия тұрғындары киінуге жалпы саны 14,5 миллиард фунт стерлинг жұмсаған. Бұл соманың тек 27% ғана ерлер киімі, қалғаны әйелдерге тиесілі. Орташа алғанда, британиялықтар жыл сайын киімге жұмсайтын қаржының орташа көрсеткіші жылдық кірістің 5,6%-ына келеді. 2016 жылы нарық 2,8%-ға өсті және Британия тұрғындары киінуге жалпы саны 14,5 миллиард фунт стерлинг жұмсаған. Бұл соманың тек 27% ғана ерлер киімі, қалғаны әйелдерге тиесілі. Орташа алғанда, британиялықтар жыл сайын киімге жұмсайтын қаржының орташа көрсеткіші жылдық кірістің 5,6% -ына келеді.