Сән. Қалай киінуге болмайды?

 Кішкентай сырға алсаңыз да, талғаммен таңдау жасап, киген киіміңізге сәйкес қылып алғаныңыз жөн. Сырт келбетіңіз рухани жан - дүниеңіздің айнасы екенін ұмытпаңыз. Сондықтан киінуге аса ұқыптылықпен қарау керек. 

Қалай киінуге болмайды?

1. Жоғары жағы да, төменгі жағы да ашық киімдер. Жағасыз көйлек (декольте) пен қысқа етек кию өте дөрекі көрінеді. Бұлай киінсеңіз, сіз жайлы не талғамы төмен, не жеңілтек екен деп ойлайтын болады. 
 
2. Шалбарыңыздың ішінен резіңкелі іш киіміңіз жылт етіп көрініп қалмайтындай болсын. Шалбар мен етектің ішінен калготкиіңіз көрініп тұрса, ол да киім кию мәдениетіне қарама-қайшы. 

3. Жеңіл аяқ киімді шұлықпен киюге болмайды. Жеңіл аяқ киімді жалаңаяқ кию керек. Өйткені, шұлықтың тігісі көрініп, аяқты дөрекі етіп көрсетіп тұрады. Башпай тұсы ашық аяқ киімдерді де капронсыз киюге тырысыңыз. Жазда күн салқындау болса, шұлықты башпай тұсы жабық туфлимен киіңіз. 

 
 
4. Фирманың логотипі үлкен етіп жазылған киімдерден де аулақ жүргеніңіз жөн. Бір тұсында байқалмай ғана тұрса, бір сәрі, кейбір фирмалар логосын бадырайтып жазып қояды. Өзіңіздің фирма жарнамалаушысы емес екеніңізді ұмытпаңыз.
 
5. Тор + жолақ. Үстіңізге торлы жейде, астыңызға жолақты шалбар кимеңіз. Екеуінің біреуін ғана кигеніңіз жөн.
 
6. Өзіңізге - өзіңіз әділ болыңыз. Егер киім үйлеспей тұрса, қанша жерден сәнді болса да, оны кимеуге тырысыңыз. 

Суретте: көйлектің етегі тым ұзын, жүруге ыңғайсыз әрі денеде әдемі тұрған жоқ

7. Шолақ шалбар (шорты)+ кроссовка. Спортпен шұғылданбайтын болсаңыз, шолақ шалбарды туфлимен не жеңіл аяқ киіммен кигеніңіз дұрыс. Кроссовка әйелдің аяғын нәзік қып көрсете алмайды. 

Сурет: redom.ru, domik.getbb.ru

Форумда талқылау