Адамның мінезін танып білу үшін олардың әрқайсысын жеке дара зерттеп, өзгешеліктерін біліп, өзара қарым-қатынас жасап, сыйласу арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Ал ертегідегі шығыстың тәуіп-сәуегейлері көзге қарап-ақ көп нәрсені анықтайтын болған. Мәселен, көзінің ақ етінен қызарған қан тамырлары білініп тұратындардың жүйкесі жұқара бастағандар екендігін, дене күші де, ақыл-ой күші де қажығандығын анықтап берген.
Егер көздің қабағы мен астыңғы кірпіктің арасынан көздің ағы көрініп тұрса, бұл жүректің, бүйректің, бауырдың, өкпенің ауыратындығын білдірген. Британдық ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, адам көзінің салмағы 7-8 грамм, көз әдетте 80 шақырым алыстағы нысанды көре алады екен, ал түнде 2-7 шақырым алыстағы шамды байқайды.
Бұдан басқа адамның көзінің ішінде миллиондаған жіңішке перделер, көз қарашығы және олардың атқаратын қызметін білген. Ал, көздің жоғарғы жағында орналасқан қасқа қарап адамның мінезін білген. Мәселен, талғампаз, кірпияз, аяқ астынан шу шығаратын адамдардың қасы жіңішке болып келеді екен. Айтқанды екі етпей орындайтын, елгезек адамдардық қасы түзу болып келеді. Шығармашылықпен айналысатын жандардікі қиылған болса, жүйкесі мықты жандардікі бір-бірімен түйісіп тұрады. Ал көрінгеннің ықпалында кететін адамдардың екі қасының арасы алшақ болады деп білген.
Алайда бүгінгі заман адамдарының мінезін, әсіресе, әйел затының мінезін қасына қарап тану мүмкін емес. Себебі, олардың көпшілігі қасты заман талабына сай өздері жасап алатын болды. Бір кездері мұны қалам ұшымен істейтін болса, қазір инемен теріні тесіп отырып, белгілі бір уақытқа дейін "өңін бермейтін" қалыпқа келтіріп алуға болады. Әрине, "сұлулық құрбандықты талап етеді". Сондықтан оқырмандарға жасанды қас туралы жазып отырмын:
Жасанды қас жасау үшін бірінші табиғи қасыңызды қырып тастайды да, өзіңіз қалаған түске бояп береді. Осы жерде артық қылам деп тыртық қылып алудың мүмкіндігін естен шығармаған жөн. Жасанды қастар көзге бірден көрініп тұрады. Маманның жазып берген дәрі-дәрмектерін уақытында салып тұру керек. Өзіңізге жарасымды пішінге келгенше, сұлулық орталығына барып, күтіп тұру керек. Денені инемен тескен кезде, одан тері арқылы адамның қанына сан түрлі жұқпалы дерттердің түсуі мүмкін. Жасанды қастарды жиі жасайтын адамдардың ағзасы уақыт келе онкологиялық аурулардың тууына бейімделеді. Себебі, түрлі-түсті бояулардың қолданылуы кезінде тері арқылы қан тамырлары мен адамның ішкі мүшелері уланып қалады. Көп жағдайда жасанды қастың зардаптары 8-10 жылдан соң белгі бере бастайды. Жасанды қастардың түстерінің ішінде көбіне қара және көк түстер сәнде болып саналады. Олардың ұғымында сары түс адамның еркіндігін білдірсе, күлгін түс ақылдылықты, қызыл түс үлкен жойқын күш иесі екендігін білдіреді. Қазір лазерлік сәулелердің көмегімен кез келген жасанды қастарды жойып тастауға болады. Алайда лазердің де өз зияны бар екендігін ұмытпаған жөн. Жасанды қас жасаған соң, кейбіреулерде бөртпе пайда болуы мүмкін. Мұндай бөртпелердің асқынуының алдын алу үшін процедура алдында және процедурадан соң мамандардан микробтарға қарсы емдеу шараларын мұқият жасауды талап етіңіз. Процедураны бастамас бұрын, иненің мұқият тазаланғандығына көз жеткізіңіз. Олай болмаған жағдайда, сұлу боламын деп ауру сатып алуыңыз әбден мүмкін. Жасанды қастарды терісі сезімтал, денесінде қалы бар адамдарға жасауға болмайды. Жасанды қастар уақыт өте келе өшірілгенімен, оның орнына пайда болатын жасушалар қара-қоңыр түске айналып кетеді.Автор: Гүлназым Мақсатқызы
Сурет: moscow.olx.ru