Әр жыл, әрбір маусым сайын дизайнерлер сән үлгілерін ұсынып жатады. Солардың бірі - прет-а-порте. Бұл француз тілінен алынған prеt-а-porter "дайын көйлек" деген мағынаны білдіреді.
Дәл осы сән көрсетілімін сән әлемінің майталмандарынан бастап, қарапайым халыққа дейін асыға күтеді. Себебі дизайнерлер стандартты өлшемге арнап, киімдер әзірлейді.
Бұл көрсетілім екі бағытта дайындалады: кәдімгі prеt-а-porter және prеt-а-porter de lux. Соңғысы өте қымбат, сапалы материалдан тігіледі. Оның бағасы біріншісіне қарағанда қымбатырақ болады. Алайда жаңалық десе ішкен асын жерге қоятын сәнқойлар үшін әйгілі дизайнердің қолынан шыққан бұйымға ақшасын шашу түк те емес.
Мұндай көрсетілім алғаш рет өткен ғасырдың 50 жылдарынан басталды. Осы күнге дейін жалғасын тауып келеді. Осындай сән көрсетілімдері өткеннен кейін киім тігетін фабрикалар ұсынылған жаңалықтарды, кейбір сәнді детальдарды ескере отырып, киімдер тігіп, халыққа ұсынады. Сіз де өзіңізге ұнаған сән үлгісін жергілікті жердегі ательеге барып тіктірсеңіз болады. Мұның бір артықшылығы тігінші киімді сіздің дене сымбатыңыздың ерекшелігіне сәйкестендіріп дайындайды. Әрі сымбатты, әрі сәнқой ару болып шыға келесіз!
Біздің елімізде де prеt-а-porter, Haute couture және өзге де бағыттағы сән көрсетілімдері маусым сайын ұсынылады. Қазақстанның Қ.Нұрқаділова, А.Кауменова, О.Корби, А.Бапани, Б.Асанова, С.Азихан, А.Қасымова секілді дизайнерлері тек еліміз де ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де танымал.
Сурет: Massaget.kz
Оқи отырыңыз:
Темпераментіңізге сай киіне аласыз ба? #2
Темпераментіңізге сай киіне аласыз ба?
Адам көркі – шүберек
Ақшаны үнемдей отырып қалай әдемі киінуге болады?
Соңғы сәнмен киіну неліктен ерсі көрінеді?