- Негізгі бет
- Сән
- Сән әліппесі: Tie-dye...
Сән әліппесі: Tie-dye стилі
Tie-dye (ағыл. «tie» – байлау, ширату, «dye» – сырлау) – бұл киімге қайталанбас өрнек салу үшін матаға бояу жағу технологиясы. Жапондардың шибори техникасы әдісінің бірі.
Тарихы
Сибори (жапон. 絞り染め сибори-дзомэ, байланыстырып бояу) – орау, сырмалау, дестелеу, сығылыстыру секілді матаны бояудың әртүрлі тәсілін біріктіретін термин. Түйілмелі бояу – матаға өрнек түсірудің ең ежелгі тәсілі, оны байырғы Үнді, Қытай, Африка елдерінің шеберлері қолданған. Сибори жасауда матаны орау, сырмалау және айналымды қылудың неше түрі бар, олардың әрқайсысы қайталанбас ерекше нәтиже береді. Қажетті бейнені салу үшін әртүрлі әдістен бұрын, матаның сапалы болуы да аса маңызды.
Тай-дай деген не?
Үдерістің өзі негізінен қарапайым: мата қажетті жерге тартылады да, одан кейін қайнап тұрған бояу құйылады. Содан соң түсіріп, суытып, тарқатады. Созылған жердің орнында матаның бастапқы жолақтары қалады (көбінесе ақ түс), матаның қалған жері қажетті бояумен сырланады.
1960-70 жылдары Батыста тараған бұл стильде кемпірқосақ принті ең сәнді түске айналды. Тай-дай небары төрт түрлі әдісті біріктіруімен, матасы сапалы болуымен әрі қарапайым, әрі күрделі, бірақ қайталанбас, қызықты стиль.
Қазір шалбар, белдемше, футболка, көйлек, шомылу киімі, сарафан, бас киім, мойын орағыш, туфли – гардеробтың кез келген бұйымынан тай-дай принтін кездестіруге болады. Бұл техника тіпті туфли, эспадриль, слипон секілді аяқ киімдерге де қолданылады.
Қазіргі тай-дай сәні
Бүгінгі таңда матаның қандай түрі болса да, тіпті күдері, теріге де тай-дай техникасымен сурет сала алады. Мұны соңғы кездері атақты дизайнерлердің топтамасынан да көптеп кездестіреміз.
@. @assel_assanova