Сән әлемінің қателіктері белгілі болды

Сән әлемінің қателіктері белгілі болды

Ұлыбританияда кезекті сауалнама қорытындысы жарияланды. Бұл жолы Тұманды Альбион жұртшылығы сән әлемінің басты қателіктерін атап көрген. Зерттеуге әмбебап дүкендердердің бірінен 1 500 сатып алушы ат салысыпты. 

Сәтсіздікке ұшырағандар тізімінің "көшбасшысы" болып әйгілі socks-n-sandals өнімі (шұлықпен бірге сандал) танылған. Екінші орында - ерлерге арналған тұғырнамалы (платформа) бәтеңке, ал үшінші орында - төмен түсіп тұратын шалбарлар. 

Әмбебап дүкеннің қожайыны да қалыс қалмай, рейтингті өз көзқарас деңгейінде тұжырымдаған: "Біздің сатып алушылар шұлық пен сандалдың қосарлы түрін сән тарихындағы ең нашар үйлесім деп таниды. Сән ұжымдары қолайлы көріп, топтамаларына қосатын да шығар, алайда, қарапайым жұртқа бұл ұнай бермейді".  

Бір ескере кететіні, үйлесімнің осы бір түрінің кісі қызығарлық ұнамсыздығына қарамастан, socks-n-sandals өнімін киетін әлемдік жұлдыздар қатары аз емес. Мысалы, жақында ғана оны Джастин Бибердің киіп жүргені байқалыпты. Және аталған тұлғаның анти-тізімдегі тауарларға кетәрі еместігі байқалып келген.

Сонымен, сәтсіз көрінген сән үлгілерінің ондығы:

1. Шұлықпен сандалдар;

2. Ерлерге арналған платформалы бәтеңкелер;

3. Төмен түсіп тұратын шалбарлар;

4. Спорттық масаты костюмдер;

5. Гаремді сымдар (кең шалбар);

6. Қарынды ашып тұратын көйлекшелер;

7. Белде тұратын сөмкелер; 

8. 80-жылдардың стиліндегі спорттық атлас костюмдер;

9. Бейсболкалар;

10. Шашқа арналған үлкен резеңке байлағыштар;

* * *

Сән әлемінен сізге не ұнамайды?

1-орын – шұлықпен сандалдар

2-орын - ерлерге арналған платформалы бәтеңкелер

сурет:xxl.ua

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига