- Негізгі бет
- Сән
- Сән-2016: "Ханшайым" киімдері...
Сән-2016: "Ханшайым" киімдері
Барлық бойжеткендер кейде өзін ханшайым сезінгісі келеді. Оны іске асырудың бір жолы — "ханшайым" киімдерін кию. Бүгінгі материалда заманауи ханшайымға келетін сәнді киімдер мен әшекейлер туралы жазамыз.
Сәнді безендірілген көйлек, пачка-белдемше, туфлилер және ерекше клатчтар мен әшекейлер — барлығы биылғы трендке сәйкес келеді, алайда ұстамдылық туралы да ұмытпаңыз.
Жылтырағы көп киімдер кию 2000 жылдарда қалды, сондықтан "ханшайымдық" киімдерді бейтарап стильді киімдермен үйлестірген жөн. Мысалы, пачка-белдемше кроссовкамен немесе слипондармен келеді, ал өте айқын сырғаны шағын романтикалық киіммен үйлестіру керек.
Ханшайым көйлегін достарыңызбен серуендеуге кие алмауыңыз мүмкін, мұндай ерекше киімді атаулы кештерге қалдырған жөн. Атаулы кешке ханшайым көйлегін өкшесі бар туфлимен киіңіз.
Бойжеткеннің нәзіктігін айқындауға ханшайым стиліндегі клатчтар мен сөмкелер де көмектеседі.
Нәзік әрі ашық түсті әшекейлердің көмегімен ханшайым стиліндегі киім үлгісін жасауға болады. Алайда мұндай әшекейлерді ұстамды киімдермен тағуға тырысыңыз.
А. Жапатова