- Негізгі бет
- Сән
- Сән-2016: Былғары күрте...
Сән-2016: Былғары күрте
Дизайнерлер көктем мен жазда сәнге енетін киімдердің көрсетілімін қыс мезгілінде жария етті. 2016 жылы сәнде болатын былғары күртелерін ұсынамыз.
Қос түсті былғары күртелері. Сән көрсетілімінде екі түсті былғары күртелері көптеп кездесті. Бұл тегіс қара түсті киімдерді қаламайтын аруларымызға арналған. Ерекше көрінетін қос түсті күртелер 2016 жылдың сәніне айналмақ. Мұндай күртелерді бір түсті шалбармен киген жөн.
Байкерлер стиліндегі былғары күртелері. Мұндай күртелердің белбеулері, кертіктері, темірлері көп болады. Бұл күртелерді джинс шалбарымен, бойфренд шалбарымен үйлестіріп киюге болады.
Қысқа белді былғары күртелері. Мұндай күртелер көйлектермен және белдемшелермен жақсы үйлесім табады. Қысқа белді былғары күртесін шалбармен кигіңіз келсе, mom jeans шалбарын таңдаңыз. Себебі беліңізді жауып тұрады.
Қысқа жеңді былғары күртелері. Мұндай күртелермен өзіңіз ерекше стиль жасауыңызға болады. Бұл күртелердің жеңдері иықтан сәл ғана түсіп тұрса, ішінен шалбарыңызға сәйкес түсті жейде таңдап кигеніңіз жөн. Егер күртенің жеңі шынтақтан төмен болса, ішінен жеңі қысқа жеңіл жейде киіңіз. Кейбір аруларымыз күртенің жеңін бүріп жүргенді ұнатады. Сондай аруларға осы айтылған күртені таңдауға болады.
Сіз қандай күрте таңдар едіңіз?
А. Жапатова