- Негізгі бет
- Сән
- Сән-2015: Жаңбырлы ауа...
Сән-2015: Жаңбырлы ауа райына арналған киімдер
Сәнгерлердің ұшқыр қиялы мен тігін машиналарының толықтай жетілуін ескерсек, жаңбырлы ауа райында да өзіміз қалаған стильде киініп жүре аламыз. Сән әлемі жыл сайын түрлі аксессуар мен киім ұсынып жатыр. Мұнымен қатар, кигенде өте ыңғайлы әрі сапалы киімдер тігіліп жатыр. Кезекті материалымызда назарларыңызға бірнеше сәнді образ ұсынамыз. Олар демалыста да, күнделікті кеңсеге киіп баруға да ыңғайлы.
Кеңсе киімі
Жаңбыр астында су болып қалмаудың амалдарын ойластырып көрдіңіз бе? Мұны ойластырмаған адам жоқ шығар. Туфлиді резеңке етік алмастырса, сөмкенің арнайы су өтпейтін түрін таңдауға болады. Және суға төзімді макияж да бар.
Сырт киім ретінде тренчкотты таңдауға кеңес береміз. Олар сәнқой қыздарды ұзақ жылдардан бері қуантып, жаңбыр мен желден құтқарып келеді. Мұнымен қатар, сәнгерлер пончо таңдауды ұсынады. Ол дене пішінінің барлық кемшілігін жасырады.
Ашық алаңдағы спорт
Спортпен айналысудың тек пайдасы болмаса, ешбір кемшілігі жоқ. Заманауи компаниялар су өткізбейтін, жеңіл әрі ыңғайлы аяқ киімдер ұсынып жатыр. Мұнымен қатар, күртелер туралы да соны айтуға болады. Түсі түнде жарқырайтын күртелер жолдан өткен кезде жүргізушінің көзіне шағылысып, оған белгі береді. Егер күртеңіздің қалтасы жоқ десеңіз, аспалы бауы бар сөмке сатып алуыңызға болады.
Кэжуал
Демалыс күндері жаңбырдың астында суықтап қалмас үшін резеңке етік киіп, қолшатыр ұстап алған жөн болар. Күн бұлт кезінде де түрлі-түсті киімдер киюге болатынын ұмытпаңыз. Оны суреттегі образдардан да көре аласыз. Ал үстіңіздегі парка бас киім мен бомберді алмастырады. Бұдан өзге сенсорлы экранды басуға мүмкіндік беретін қолғаптар туралы да ұмытпаңыз.
Қызықты демалыс
Табиғат аясында демалып, тауға шыққанды жақсы көретін жандарға жаңбырлы ауа райына арналған бірнеше образ ұсынамыз. Егер спорттық киімдерді ұнатпасаңыз, оны етегі ұзын күртелермен, мойынорағышпен және арқаға асатын сөмкемен алмастыруыңызға болады.
Қ. Бүйенбай