Сән. 10 ыңғайлы және сәнді сөмке

Өте ыңғайлы сөмке қандай болуы керек? Біріншіден, өмірге қажетті ұсақ-түйектердің барлығына орын табылатындай кең болуы керек. Екіншіден, кең болғанымен, тым үлкен болмауы қажет. Қалай дегенмен де, бұл чемодан емес, нәзік жанды арудың сөмкесі ғой. Үшіншіден, гардеробтағы көптеген киімдеріңізбен сәйкес болатындай сәнді болуы керек. Осыны ескере отырып, қажеттіліктердің барлығын қамтитын 10 сөмкені назарларыңызға ұсынамыз.  

Сіздердің таңдауларыңызға соңғы сән үлгілерінің негізінде жасалған кең, ашық әрі шағын сөмкелерді жинақтадық.

ROBERTA DI CAMERINO сөмкесі

Тағы да сол ROBERTA DI CAMERINO-дан

MOSCHINO CHEAPANDCHIC сөмкесі

ROBERTA DI CAMERINO сөмкесі

Francesco Donni сөмкесі

MYSUELLY сөмкесі

BRACCIALINI сөмкесі

NARDELLI сөмкесі

MICHAEL MICHAEL KORS сөмкесі

BRACCIALINI сөмкесі

Бұл сөмкелердің пайдасы сол, қолыңа қабат-қабат пакет ұстап әуре болмай, бәрін сөмкеге сыйдыруға болады. Әрі көлемі осындай аксессуарлар әйел затын нәзік қып көрсетеді. Сондай-ақ, бұндай сөмкелер қалтаңызға да үлкен салмақ түсіреді. Бұл жағдайдан да шығатын жол бар: сөмкелердің жасанды түрлерін ұстаудың еш әбестігі жоқ...

Woman.ru сайтының негізінде