Салтанатты шаш сәні

Салтанатты шаш сәні

Жазбен бірге бізді талай мерекелер күтіп тұр. Мектеп бітіру кеші, диплом алу, той-жиындар... Осындай кештерде әр ару өзін ерекше сезінгісі келеді. Мына шаш сәні осындай кештерде сіздің салтанатыңызды асқақтата түсетіні сөзсіз.

Бұл шаш сәнін жасамас бұрын, шашыңызды жуып, шашқа көлем беретін спрей не мусты қолданып, фенмен кептіріңіз. Шашыңыз ерекше көлемді болып кебуі шарт.

 

1-қадам

Шашыңызды қиғаш айрыққа бөліңіз. 

2-қадам

Шашыңыздан бір бұрым бөліп алып, оны ширатып орай бастаңыз. Бұрымның ұшын саусақтарыңызбен мықтап ұстап, қалған бос шаштарыңызды жоғары қарай тартыңыз.

3-қадам

Қолыңызда қалған шашпен түйілген шашты орап, қысқыштармен бекітіңіз.

4-қадам

Бетіңізге жақын шашты кішкене бұрымдарға бөліп, дәл осылай жалғастырыңыз. Қысқыштар мен лак қолданған жөн.

Шашыңыз осындай көлемді болып, ширатылып шығуы керек. Балапан шаштарыңызды шығарып қойсаңыз да болады.

Сурет: vk.com