Ролен Штраус "Әлем аруы - 2014" атанды

Желтоқсан айының 14 жұлдызында Лондонда "Әлем аруы" жеңімпазы анықталды. Байқау жеңімпазы Оңтүстік Африка Республикасының өкілі 22 жасар Ролен Штраус болды. 2-орын венгриялық Эдина Кулшар, 3-орын американдық Элизабет Сафритке бұйырды. Букмекерлік кеңселер фаворит санаған ресейлік Анастасия Костенко алғашқы ондыққа да ілікпеді.

Тарихтағы 64-конкурс финалы Лондонда өтті. Финалдық шоу трансляциясын әлем бойынша миллиардтан астам адам көрген.

Жеңімпаз Ролен Штраус медицина факультетінде 4-курс оқиды және дәрігер болуды армандайды. Бос уақытында ол гольф ойнағанды және кітап оқығанды ұнатады.

Сурет: gazeta.ru, ru.tsn.ua, arbatcity.ru