- Негізгі бет
- Сән
- Ретро стиль: 50...
Ретро стиль: 50 жылдардың ең үздік 7 көйлегі #2
Сән тарихына үңілсек, модельдердің де өмірінен біраз мәлімет аламыз. Ол модельдердің көпшілігі ретро стильде киініп, өзінің қызға тән биязылығын сақтап қалуға тырысқан. Кезекті материалымызда ХХ ғасырдың 50 жылдарында модельдердің үстінен табылып, осы күнге дейін үлкен сұранысқа ие болып жүрген көйлектерді ұсынамыз.
1. Жағасы тік, америкалық ойындысы бар көйлек
Бұл да сонау 50 жылдардағы сән үлгісінен келе жатқан, ерекше фасонмен тігілген көйлек. Оның тік жағасының артқы бөлігі нәзік лентамен байланатын болған. Көйлектің қайдан шыққандығын атынан-ақ байқаған боларсыз.
Амеркалық ойындының ерекшелігі қандай? Бұл оның иық астынан басталып, мойынға дейін жететіндігімен түсіндіріледі. Ол әр түрлі ұзындықта болуы мүмкін. Мұнымен қатар, белдемшесінің белінің жоғары болуы әдемі көрінеді.
Оның алдыңғы бөлігінің толықтай жабық болуы кез келген ханшайымға нәзіктік сыйлайды.
Алайда бұл көйлекті иықты қыздардың кимегені абзал. Киген жағдайда бұл фасон иықты жалпақ етіп көрсетеді.
2. Кең етекті көйлек
Бүгіндері Баян Есентаева сынды жұлдыздардың үстінен көп байқалатын кең етекті көйлек те сонау 50 жылдардағы сәнге тән. Арада ғасыр өтсе де, көпшіліктің талғамына сай келетін көйлектердің 50 жылдары пайда болғандығын айта кеткен жөн болар. Мұндай көйлекті театрға, той-томалаққа әбден киіп баруға болады.
Оның төменгі бөлігі қалай кең болса, жоғарғы бөлігі соншалықты тырысып тұрады. Көп жағдайда жеңсіз тігілетін болғандықтан, ол жаз мезгілінде киюге өте қолайлы болған.
ХХ ғасырдың 50 жылдарындағы сән әлемінде өзіндік орны бар дизайнер – Кристиан Диор. Оның «New Look» деп аталатын топтамасы сәнді жаңа бағытқа бұрды. Жоғарыдағы фасондағы көйлекті ұсынған да Кристиан Диор болатын.
Киіп жүруге ыңғайсыз болса да, әсерлі көрінетін. Мұнымен қатар, белді айқындап тұратын қасиеті бар.
Күнделікті киіп жүруге ыңғайлы болу үшін «New Look» топтамасының көйлектері аздап жеңілдетілген фасонда тігілді. Әсіресе көп маталылығы мен корсеті ыңғайсыздық сезімін сыйлайтын еді. Осыны ескерген Диор 1953 жылы жаңа нұсқасын ұсынады.
Артынша өзі өзгерткен көйлекті «Бәйшешек» деп аталатын топтамасында таныстырады. Бұл көйлектердің сыртқы пішіні құм сағатқа ұқсайды.
Дәл осы көйлектердің денеге жабысып тұратын түрі жейдеге ұқсас келеді.
3. Иығы перделенген «әткеншек» көйлегі
Бұл көйлектіңде шығу тарихы тереңде жатыр. Өзге көйлектерге қарағанда оның танымалдылығын түсіндіру өте қиын. Көйлек кеуде тұсындағы бүктемесінің арқасында көзге жылжып тұрғандай көрінеді.
Бүктемелер сонау антикалық Греция кезеңіне тән. Сол кездің өзінде бүктеменің эстетикалық бағалылығы мойындалған. Ал оның таралуына француздық дизайнер Мадлен Вионне әсер еткен.
Бүктеменің өзі әсерлі болғандықтан, оған қосымша аксессуар қосып жатудың қажеті жоқ.
Бұл ретро көйлектің ұзындығы түрлі болуы мүмкін. Кешкі бастаңғылар үшін еденге дейін жетіп тұратын түрін таңдаған жөн болар.
4. Қысқа трапеция көйлек
Жігіттер қауымына ұнауды ұнататын көйлектің авторы – Мэри Куант. Бұл сәнді фасон Лондонның бір ауданында тарала бастағандықтан, Челси стайл деген атау алады.
60 жылдары белі жіңішке, аяқтары түзу, кеудесі аса білінбейтін мүсін дұрыс деп саналған. Аталған талаптарға сай келетін модельдердің бірі – Твигги.
Осы кезеңде тазалық, қарапайымдылық, ауыр детальдардың жоқтығы, минимализм сәнде болатын.
Сәнге қайтадан ерлер араласып, дизайнер Ив Сен Лоран трапеция көйлектің жаңа нұсқасын ұсынады. 1985 жылы ұсынған топтамасында көйлектердің ұзындығын әдеттегіден де қысқартады. Яғни, ұзындығы тізенің үстінде болатын.
Етегі қысқа, А тәрізді көйлектің жеңі ұзыны мен жеңі қысқа түрі де болатын. Ал жағасы тік немесе дөңгелек болып келеді.
Мұндай көйлекті тігу идеясы көп кешікпей Андрэ Курреж, Руди Гейнрайх, Пьер Карден сынды дизайнерлердің арқасында түрленеді. Айтпақшы көпшілік дизайнелер мини белдемшені Андрэ Курреж ойлап тапқан дейді.
Аталған дизайнерлер көйлектің фасонына эксперимент жасаса да, көйлектің қарапайымдылығын жоғалтпағанын қалаған. Мұндай ретро үлгі жастық шақтың символына айналған.
Оқи отырыңыз:
Романтикалық стиль - нәзік бойжеткендердің таңдауы
Ретро стиль: 50 жылдардың ең үздік 7 көйлегі
Коко Шанель балалар үйінде тәрбиеленген
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: fashion.ru
Қ. Бүйенбай