- Негізгі бет
- Сән
- Ретке келтіруді қажет...
Ретке келтіруді қажет етпейтін 5 шаш үлгісі
Қазір шаш үлгісін жасауда табиғилыққа көп мән беріледі. Дұрыс қиылған шаш үлгісі ретке келтіруді қажет етпейді. Ұзара бастаған кезде де өз қалпын өзгертпейді.
Дәйектелген шаш үлгісі. Егер шашыңыз бұйра болса, онда осы шаш үлгісін жасатыңыз. Мұндай үлгі шашты дұрыс әрі біртегіс етіп орналастырады. Шаш кептіргіш құралдың да қажеті болмай қалады, себебі, жуылғаннан кейін ол өзінің табиғи бұйралығының әсерінен әдемі болып тұрады.
Классикалық «Боб». Ең ыңғайлы шаш үлгілерінің бірі. Шаштары тік қыздарға керемет үлгі бола алады. Бұйра шашты қыздарға да келеді, ол үшін жуылған шашқа иісмай, көпіршік құрал және май жағу керек. Сосын алақанның көмегімен шашты біраз түзеп, өздігінен кебуге мүмкіндік беру керек.
Аз ғана дәйектелген бөлігі бар шаш үлгісі. Бұйра шашты қыздарға осы аз ғана дәйектелген шаш үлгісі де жақсы жарасады. Атап өтетін нәрсе – мұндай шаш үлгісін жасау үшін шаш орташа ұзындықта болу керек. Бұл шаш үлгісі шаштың ұшына көлем береді, көбінесе жастарға арналған.
Ұзындығы біркелкі шаш үлгісі. Шаштары тік қыздарға оны біркелкі етіп қию керек. Анық және тік сызық, дәйектелген шаштың жоқтығы бұл шаш үлгісінің әрқашан сәнге сай және күтілген болып көрінуіне ықпал етеді. Ең бастысы – шаштың ұшын өз уақытында қиып тұру және ұзындықты күту.
«Пикси» шаш үлгісі. Ретке келтіруді қажет етпейтін шаш үлгілерін қысқа шашқа жасаған ыңғайлы. Бұл шаш үлгісін бұйра шаштарға да, тік шаштарға да жасауға болады. Ол барлық қыздарға бірдей жарасады.
Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова
Сурет: fresher.ru, porjati.ru
Г. Бакытбекова