Принті бар киімдерді бір-бірімен үйлестірудің 3 ережесі

Бір киім үлгісінде әртүрлі принттерді үйлестіру оңай емес. Әдетте, принті бар киімді тұтас біртүсті киіммен үйлестіру ұсынылады. Алайда, стиль бойынша біліміңізді арттырсаңыз, принті бар киімдерді бір-бірімен жарастырып киюге де болады. Құрастырған киім үлгіңіз стильді көрінуі үшін әртүрлі өрнектерді бір-бірімен үйлестіруге көмектесетін 3 қарапайым ережені ұсынамыз.

Ортақ түс

Тор, бұршақ, жолақ немесе басқа да принттерді үйлестіре беруге болады. Бастысы, олардың бір түстік гаммамен біріктірілген болғаны дұрыс. Ортақ түс әртүрлі суреттерді бір-бірімен байланыстырып, киім үлгісіндегі үйлесімге жетуге көмектеседі.

Ауқымдылық

Екінші әдіс: әртүрлі өлшемдегі бірдей принттерді үйлестіру. Мысалы, жіңішке мен жалпақ жолақты немесе ірі мен ұсақ торлы киімді үйлестіріп киюге болады.

 Ұқсас принттер

Бір топқа жататын әртүрлі принттерді бір-бірімен үйлестіруге болады. Мысалы: тордың әртүрлі түрі. Сондай-ақ, жануарлар принттерін, мысалы, зебра мен жолбарыс принтін үйлестіре аласыз.