- Негізгі бет
- Сән
- Поп-арт стиліндегі көзілдіріктер...
Поп-арт стиліндегі көзілдіріктер
Париждік мүсінші Жаде Фуре-Варнье (Jade Fourès-Varnier) - поп-арт бағытында жұмыс жасайтын заманауи суретші. Мүсінші қыз жаз айларында күннен қорғайтын көзілдіріктер жасаған. Ол көзілдіріктер тек көлемімен емес, нәзік эстетикалық құрылымымен ерекшеленеді.
Көзілдіріктің қара линзасының орнына әлемдік пейзаждардан бастап лаулаған өрт суреттерін қамтыған поп-арт стиліндегі суреттер енгізілген. Мұнымен қатар, Фуре-Варнье адамның жадын жаңғыртудың жолын тапты. Көлемдері әр түрлі көзілдіріктер адамдардың өмірінде ерекше есте қалған сәттерді бейнелейді.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rudaki.ru
Қ. Бүйенбай