Кеше Миланда Gucci жаңа топтамасының көрсетілімі өтті. Алессандро Микеле, әдеттегідей, оны ауқымды әрі есте қаларлықтай өткізуге тырысты.
Сән көрсетілімі шынымен де ерекше болды. Модель ретінде егіздер шықты. Барлығы — 67 жұп. Бұл кездейсоқ таңдалған идея емес. Бұл маусымды дизайнер анасы — Эральдаға және оның сыңары — Джулианаға арнады.
Дизайнер топтама жазбасында былай дейді: «Менің екі анам болды: Эральда және Джулиана. Бір-бірін толықтырған екі ерекше әйел.»