Пластмассадан жасалған арзан аяқ киім

Израильдік дизайнер Лу Мория вакуумды сығымдау станогынан бірнеше минут ішінде жасалып шығатын арзан аяқ киімін таныстырды. Model 4  деп аталатын аяқ киім термоэластопласттың (резеңке пластмасса) азғантай кесегінен жасалады.

Дайын болған аяқ киімнің ешқандай тігісі жоқ, тек екі ғана бөлу сызығы бар. Дизайнердің айтуынша, аяқ киімді арнайы қорапқа салудың да қажеті жоқ. Оны кию үшін табанындағы және жоғарғы жағындағы бөліктерді алып тастау керек. Сонымен қатар, Model 4-ның табанында дүкендерде ілуге арналған ілгіш те қамтылған.

Model 4 – Морияның жасалуы ерекше аяқ киімдер топтамасының төртінші өкілі болып табылады. Бұған дейін дизайнер осындай аяқ киімдердің үш нұсқасын шығарған болатын:

Model 1: қатпарланып тігілген кенептен тұрады. Бұл аяқ киімнің сырты кірлеген сайын сол жерлерін кесіп алып тастауға болады.

Model 2: табаннан және табанға кигізілетін негізгі бөліктен тұрады.

Model 3: бұл нұсқада әртүрлі етіп бау байлауға болатын бірнеше тесік жасалған.

Дайындаған: Назерке Смағұл

Сурет: loumoria.com