- Негізгі бет
- Сән
- Пима - қысқы...
Пима - қысқы тренд
Бірнеше жыл бұрын байпақ, пима аяқ киімдері ауылдық өмірімен байланыстырылған. Енді пималар дизайнерлер мен сәнқойлар аңсаған нағыз қысқы трендке айналды.
Әрине қазіргі пималар бұрыңғы кездегі түрлерімен салыстыруға келмейді. Қазіргі пималарды әшекейлеу мақсатында жылтырақтар, тастар, кестелеп тігу және т.б. қолданылады. Заманауи байпақтардың түстері, стильдері, табандары түрлі келеді. Жайпақ табанды, платфоралы, тіпті өкшедегі түрлері де бар.
Олар орташа ұзындықты не ботфорт сияқты ұзын да болуы мүмкін. Алайда ең сәндісі әрі ыңғайлысы орташадан сәл ұзын түрлері.
Бірінші пималар сонау 4 ғасырда пайда болған. Көшпелі халықтар баққан қойдың жүнінен осындай жылы етік тігіп алатын. 2,5 мың жыл тарихы бар байпақтар сізде де болуы керек!
Пималардың бір-ақ кемшілігі бар еді. Олар ылғал көтермейді. Тез суланып қалатын байпақтарды кептіру ұзақ уақыт алады. Сондықтан пималардың үстінен галош кию әдетке айналды.
Қазірде галоштың орнына табанын резеңке қылып байпақты тігіссіз жасайды. Жылы, ыңғайлы, сәнді аяқ киімнің танымал болғаны орынды.
Байпақтағы қой жүні аяқты ерекше жақсы жылытатыны ертеден-ақ байқалған. Олар экологиялық таза материалдардан тігілетіні де қуантады. Осы жылы пималар үйреншікті уггиге балама болуы мүкін.
Байпақтар тар джинсы мен шалбарлармен, қысқартылған күртешелер мен ішіктермен де жақсы жарасады.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: site-for-girls.ru
С. А