Франциялық art de vivre-нің маңызды бөлшегі — парфюмерия өнері. Осы өнер жемістерінің Фобур-Сент-Оноре көшесінде жаңа үйі пайда болды. Онда Елисей сарайы мен Жоғары сән үйлері орналасқан. Жұпар иістердің әлеміне бойлағысы келетіндер үшін дәл осы көшеде Парфюмерияның Үлкен мұражайы өз есігін айқара ашады. Осыған дейін бұл өнердің тарихынан бастап, оған қатысты барлық зерттеулерді біріктірген орын болмаған еді. Онда белгілі парфюм үлгілері де сақталған.
Мұражайдың хронологиясы сонау фараон заманынан қазіргі заманғы химия жетістіктері аралығын қамтиды. Онда Клеопатра, Рим консулы Марк Антоний және Габриель Шанель қандай әтір пайдаланғаны туралы көптеген қызықты фактілер де айтылады. Мұнда ерте уақытта бірінші рет химиялық жолмен жамалған ежелгі Египет әтірлерінің иістерін сезіп көруге мүмкіндік бар. Хош иістер бағында серуендеушілерге арнайы тәжірибе жұмыстарына қатысуға болады.
Мұражай төрт қабатты ғимаратта орналасқан. Бұрын ол Christian Lacroix сән үйінің негізгі мекемесі болған. Француз тілінде Le Grand Musée du Parfum аталатын мұражайды Бристоль қонақүйіне қарсы беттен таба аласыз.