Chanel сән үйі аты аңызға айналған Chanel №5 әтіріне арналған көрме өткізбекші.
"№5 Culture Chanel" атты көрме 2013 жылдың 5 мамырында ашылып, 5 маусымға дейін жалғаспақ. Париждегі Palais de Tokyo мұражайында өтетін көрме Коко Шанель мен Chanel №5 иісіне арналады.
Көрмеге келген қонақтар Коко Шанельдің суреттерін, жеке заттарын, оны рухтандырған сүйікті заттарын көруге мүмкіндік алмақ. Сондай-ақ мұражайда Кокто, Пикассо, Аполлинер, Стравинский сынды суретшілердің туындылары көпшіліктің назарына ұсынылады.
Экспозицияны ұйымдастырушы Жан-Луи Фроман атышулы көрмелерді басқарған. Ол Мәскеу, Пекин, Гуанчжоудың мұражайларында керемет көрсетілім мен көрмелер жасаған.
№5 Culture Chanel көрмесінің ашылуына орай, Фроман үш бейнебаян ұсынып отыр. Оларда бұрын өткізілген көрмелер, №5 Culture Chanel жайлы және әрине атақты иістің тарихы жайлы баяндалады.
Бұл көрме әлем бойынша сәнге құмар адамдардың қызығушылығын жинайтындығы сөзсіз.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: gentlemanculture.com