Париж сән апталығындағы көше стилі

Париж сән апталығындағы көше стилі
Фото: vk.com

Fashion Week (сән апталығы) – аптаға жуық созылатын дизайнерлерге арналған сән индустриясындағы ең келелі оқиға. Апталықтар кезінде «Fashion House», яғни, сән үйлері жаңа маусымға арналған өз топтамаларын көрсетеді және көрермендер, әсіресе , сыншылар сән әлеміндегі соңғы үрдістерді бағалау мүмкіндігіне ие болады. Ең танымал сән апталықтары дәстүрлі түрде Милан, Париж, Лондон және Нью-Йорк сынды «сән астаналарында» өткізіледі. Жақында мұндай апталықтар Сан-Паулу, Санкт-Петербор, Мәскеу және Токио сияқты басқа да көптеген қалаларда өткізіле бастады.

Жуырда ғана 2017 жылдың алғашқы елеулі оқиғасы саналатын сән апталықтарының кезекті эстафетасы өтті. Сәнсүйер қауымды ең соңғы болып сән астанасы Париж қабылдады. Ең романтикалық қаланың сәнқой қонақтарының көше стилі топтамасын қызықтап, өзіңізді Париж көшелерінде жүргендей сезініңіз.

А. Оралқызы