Панама — жаздың ең сәнді бас киімі

Панама — жаздың ең сәнді бас киімі
Фото: www.seprace.com

Біз соңғы жылдары подиумдар мен сән журналдары, тіпті стритстайлға әуес әлеуметтік желі парақшаларынан панаманың трендтен айнымай келе жатқанын байқаймыз. Бұл аксессуар нағыз классикаға айналудың аз-ақ алдында секілді. Сондықтан сіз жазғы киімдеріңізге жарасып кететін кем дегенде бір дана осындай бас киім алып қойсаңыз, еш өкінбейсіз.


www.zlato.ua

Панамалар қалай сәнге айналды?

Панаманы алғашында XX ғасырдың басында балықшылар ойлап тапқан. Алғашқы үлгілер ылғалға төзімді киізден тігілген екен. 40-шы жылдардан бастап, нейлонның пайда болуымен байланысты панамалар жеңілірек әрі күнделікті өмірге ыңғайлы бола бастады.

www.graziamagazine.ru.

Ғасырдың ортасында мұндай стильдегі бас киім «жағалауға шығып», қала тұрғындары мен саяхатшылардың жақсы көретін бұйымына айналды. Себебі ол жазда күн сәулесі мен жаңбырдан тамаша қорғайды. Шынында да, панамалар жаз мезгілінде таптырмас бас киім: оның жуан жиектері бас пен мойынды қорғайды, жеңіл және тыныс алатын материал күні бойы сергектік сақтауға көмектеседі, ал ерекше силуэт кез келген адамға керемет жараса кетеді. Ыңғайлылық, жайлылық сыйлайтын бұл бас киім әлі де тренд қатарында қала береді.

А. Оралқызы