Өзіңізге жарасатын белдікті таңдаңыз

Белдіктерді дұрыс тағу арқылы киіміңізді өзіңізге жарасымды етіп көрсетуіңізге болады. Басқа аксессуарларға қарағанда белдіктердің салмағы да ауыр болып келеді. Белдік дегеніміз – өзіңізді қыпша белді ару сезінуге мүмкіндік беретен киім қосымшасы. Оны тағу-тақпау өз еркіңізде.

Белдікті киіміңізге үйлестіріп тақпас бұрын, ерекше сән беретініне сенімді болуға тиіссіз. Беліңізден орын алған бұл аксессуар аяғыңызды да ұзын етіп көрсетуі мүмкін. Дұрыс таңдалған белдіктің көмегімен беліңіздің көлемін жинақы етіп көрсетуге болады. Оны кез келген әйел адам таға алады. Бастысы киімнің түсі мен сымбатыңызға лайықтысын таңдай білсеңіз болғаны.

Олай болса белдіктерді тағуға байланысты бірнеше кеңестер ұсынамыз:

- Белдікті ешуақытта тығыз етіп байламаңыз. Мұныменен өзіңізді толық қылып көрсетесіз. Артық салмағыңыз бола тұра белдікті тығыз байлап алсаңыз, белі буылған шұжыққа ұқсап қаласыз. Белдік тура келмей жатқан жағдайда арықтау керектігін мойындап, бұл киіміңізге басқасын сатып алыңыз.


- Белдің айналасында көлденең орналасып, дене бітіміңіздің көлемін үлкен етіп көрсете алу қасиеті бар. Мұндай жағдайда түрлі-түсті белдіктен аулақ болған жөн.

- Бойы ұзын әрі артық салмағы жоқ қыздарға белдіктің кез келген түрін тағуға болады. Ал толық болып көрінгіңіз келсе, жіңішке белдіктерді таңдаңыз.


- Егер беліңіздің көлемі үлкен болса, оған сәйкес үлкен белдіктер таңдаңыз. Алайда бұндай белдіктер аяқтарыңызды қысқа етіп көрсететінін ескеріңіз.

Егер костюміңіз бен белдемшеңіздің түсі әртүрлі болса, белдіктерді мына ережеге сәйкес таңдаңыз:

- Денеңіздің үстіңгі бөлігі үлкен болса, белдемшеңіздің түсімен бірдейін таңдаңыз.

- Керісінше кішкене болса, кеудешеңіздің түсіне сәйкесін таңдаңыз.

- Бойыңыз қысқа болған жағдайда көйлекпен тағып, аз босатып қойыңыз.  

- Белдікті белдемшемен де, шалбармен де тақсаңыз аз босатыңқырап қойғаныңыз жөн.

- Артық салмағы бар қыздар да белдік таққанды жақсы көреді. Тек сыртынан белдің екі шетін жауып тұратындай киімдер кисе болғаны. Бұл сырт көзге сүйкімді болып көрінеді.

- Оны сатып аларда таза былғарыдан жасалғанын біліп алыңыз.

- Міндетті түрде белдік тағылатын костюмдерді сатып алмас бұрын ойланыңыз. Бұл көп адамдарға жараса бермейді.

Қорытынды жасайық:

Белдіктер киімімізге ерекше сұлулық сыйлайды. Оларды киген дұрыс. Бұл аксессуарлардың түрлері көп болғандықтан, өзіңізге лайығын тауып тағуға болады. Алайда таңдар алдында киіміңіздің түсін, дене бітіміңізді ескеріңіз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: fashion.ru